YouTube Бразилия президентінің каналынан COVID-19 туралы жалған ақпарат таратқаны үшін видеосын өшірді

YouTube әкімшілігі Бразилия президенті Жаир Болсонару арнасынан коронавирус туралы жалған ақпарат таратқаны үшін видеосын өшірді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

YouTube мұндай шешімді қабылдамас бұрын “мұқият тексерілгенін” және Болсонарудың саяси қызметі ескерілмегенін мәлімдеді. Бұған дейін Бразилия президенті карантин, вакцина және маска туралы қарсы пікір айтып, сынға ұшыраған еді.

Президент әкімшілігі Reuters агенттігінің түсініктеме туралы сауалына әлі жауап бермеді.

Былтыр Twitter және Facebook әкімшілігі Бразилия президентінің Денсаулық сақтау саласы бойынша сарапшылардың ұсыныстарына қайшы келетін мәлімдеме жасағаннан кейін видеоларын өшірген.

Былтыр маусымда Бразилия президенті Жаир Болсонарудың коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz