“Яндекс” серверіне хакерлер шабуыл жасады

“Яндекс” іздеу жүйесінің серверіне рунет тарихындағы ең ауқымды DDoS шабуылы жасалды. Бұл туралы Deutsche Welle сайты “Ведомости” басылымына сілтеп хабарлады.

Компаниядағы сенімді ақпарат көзінің айтуынша, шабуыл әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар, шабуыл болғанын киберқауіпсіздік бойынша “Яндекспен” жұмыс жасайтын америкалық Cloudflare компаниясы да растады.

Компания өкілдері ішкі тексеріске байланысты басқа ақпарат бермеді. Әзірше, “Яндекс” өкілдері полицияға немесе ФСБ-ға арыз жазғаны немесе жазбағаны туралы ақпарат жоқ.

Бұл жағдай жайлы компанияның өкілі DW сайтына пікір білдірді. Оның айтуынша, шабуыл сервистің жұмысына әсер етпеді және пайдаланушылардың дерегі зардап шеккен жоқ.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz