“Яндекс” фейк “Алиса” жайлы ескерту жасады

Яндекс компаниясы қолданушыларға фейк “Алисадан” қоңырау түсіп жатқанын ресми блогында хабарлады.

Компания қоңырауларды зерттеп, “басқа біреудің Алиса даусын салып, шындыққа жанаспайтын мәтін оқитынын” анықтады.

Компания блогында жазылған ақпаратқа сай, қоңыраулар белгісіз нөмірден келеді. Телефонды алған пайдаланушы Алиса дауысын естиді. Әрі қарай фейк Алиса “биржада табыс табу” секілді жұмыс ұсынуы мүмкін. Яндекс өкілдері мұндай кезде тұтқаны қоюға кеңес береді.

Бұдан бөлек, фейк Алиса пайдаланған телефон нөмірлер қара тізімге енгізіледі. Компания алаяқтар нөмірді үнемі ауыстырғандықтан, оларды тоқтату оңай емес екенін хабарлады. Бұған қоса, робот оқитын мәтін де өзгеруі мүмкін.

Контекст

  • Былтыр сәуірде «Яндекс» компаниясының «Алиса» дыбыс көмекшісінің видеосына қатысты шу болды. Видеода көмекші «вакцинация мен кейінге қалдырылған эвтаназия деген не?» деген сұраққа «вакцинация – адамды ақырындап өлтіретін құрал» деп жауап береді. Factcheck.kz ақпаратты тексеріп, оның қайдан пайда болғанын түсіндірді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz