Якутск, гастарбайтерлер, фейк туралы заң: сот журналистерді жазаламады

Якутия ІІМ сотта бұрын сонды болмаған үлгі боларлық жағдай жасамақ. Ресейде алғаш рет фейк жаңалықтар журналистке заң бойынша хаттама толтырып, сотта жеңіліп қалды. «Якутск вечерний» газетіндегі мақала жайлы «Медиазона» хабарлады. 

Бәрі неден басталды?

Мемлекетте Қырғызстаннан келген жалдамалы жұмысшыларға қарсылық білдірушілер көбейген соң,«Якутск вечерний» басылымы «Тағы біреу ме? Он төрт жасар қызға шабуыл жасаған Тәжікстандық гастарбайтер ұсталды» деген тақырыпта мақала жариялады.  

Якутск, гастарбайтерлер, фейк туралы заң: сот журналистерді жазаламады
©сурет Юрия Васильевтің фейсбук парақшасынан алынды

Газеттің бірінші бетінде «он төрт жасар қызға шабуыл жасаған Тәжікстаннан келген гастарбайтер» жайлы мақала жарияланған. Мақалаға Toyota маркалы көліктің айнасына «қырғыз емес» деген сөзі бар сурет қойылған. Суреттегі мақалада журналистер болған оқиғаға байланысты ақпаратты газеттің басылуына жарты сағат қалғанда алған.

Біздің қолымызда тек тұтқындалған азаматты сот медициналық сараптама бюрсына биологиялық сараптама үшін алып кеткендігі жайлы ақпарат бар. Қылмыстық іс қозғау мәселесі әлі шешілуде

Мақала шыққаннан кейін Якутияның тергеу комитеті басқармасының баспасөз қызметі он төрт жасар қызды зорлады деген күдікпен 20 жастағы ер адамды тұтқындағанын растады.

Хабарламада қылмыс төрт ай бұрын, яғни 2018 жылдың қараша айында жасалғаны айтылды. Басылымның бас редакторының орынбасары Виталий Обединнің айтуынша зорланған қыздың анасы полицияға тек наурыздың 21-і шағымданған. 

Виталий Обедин мақала шыққаннан соң шамамен бір жарым аптадан кейін учаскелік полиция бөлімшеге келуін сұрағанын айтты.

Заң бойынша… 

Полиция бөлімшесінде Виталий Обедин өзіне хаттама толытырылғанын біледі. Хаттама газетте жалған ақпарат таратқаны үшін және «азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлігіне қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын жалған ақпаратты сенімді ақпарат көзі ретінде таратқаны үшін»  жақында күшіне енген фейк жаңалықтар туралы заң аясында толтырылған.

Мақалаға сараптама жасау өтінішін Роскомнадзор талап еткен екен. Обединнің айтуынша Роскомнадзор «шабуыл жасаған» деген сөзге шағым түсірген.   

Журналист мақалада келтірілген дәйектердің фейк екенін дәлелдеу үшін полиция тергеу комитетінің және сот медициналық сараптамасының жауабын пайдаланған. Сот медициналық сарапшылар 21 және 22 наурызда қызды зорлаған Тәжікстан азаматының ісі бойынша ешқандай тергеу жүргізбегендерін хабарлады. Ал тергеу комитеті ол күндері «кәмелетке толмаған азаматты басқа елдің азаматы зорлаған жоқ» деп мәлімдеді. 

Аты шулы мақала бойынша іс Якутск қалалық сотына 3 сәуір күні, фейк жаңалықтар туралы заң күшіне енгеннен соң тапсырылды. Сот сайтында берілген ақпаратқа сәйкес материалдар сәуірдің 5-і бұзушылықтарды жою үшін полицияға қайтарылды, ал істі сәуірдің 12-сі қарастырды.

«Медиазонаға» берген сұхбатында Обедин сотта «напасть» және «нападать» сөздерінің анықтамасын түсіндіру үшін Ожегов, Ушаков және  Даль сөздігін қолданғанын айтты. Ал Солтүстік Шығыс университетінің филология факультетінің оқытушысы Ирина Гермогенова «Якутск вечерний»  газеті бұл сөзді мақаласында қолдана алатынын растады.   

Журналист сотта болған жағдайды баяндап берді.

«[сотта ІІМ өкілдері] бұл сөздерді өздерінше түсіндіргісі келді. Сондай-ақ, ескі оқиғаны жаңа мақпарат ретінде әдейі ұсынды деп мәлімдеді. Олардың айтуынша наурыздың 21–22-сі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімге қатысты  ешқандай қылмыс орын алмады, демек бұл жалған ақпарат. Алайда, біздің мақаламыздың бірінші жолында азаматтың наурыздың 21-і шабуыл жасағаны айтылмаған. Бар болғаны күдікті ұсталды деп жазылған. Нәтижесінде олар зорлау мен шабуылдау екі түрлі қылмыс екенін дәлелдегісі келді» 

Нәтижесінде сот газеттің іс-әрекетінде ешқандай құқықбұзушылық анықтамағандықтан, сот ісі тоқтатылды.  Сонымен қатар, сот шешімінде «Якутск вечерний» газетінің мақаласы «шетел азаматтарының өміріне және денсаулығына, қоғамдық тәртіпке айтарлықтай қауіп төндіретін» жағдай жасағанын ескертті.   

Якутияның ІІМ сот шешімімен келіспеді және апелляциялық өтініш білдірді. Істің қайта қарастырылу мерзімі әлі белгіленбеді.

Контекст

Наурыздың 22-сі «Взгляд» басылымы журналист Юрий Васильевтің әлеуметтік желісіндегі жазбасының негізінде  «Якутск Вечерний» газеті арандатушылық материал жазды деген ақпарат таратқан еді.

Васильев фейсбук парақшасында жергілікті басылымның алғашқы бетін жариялады.

Жазбада «нөмірді шығарар кезде алғашқы бетте басқа жаңалық тұрған еді. Қылмыс жайлы ақпарат нөмірді шығаруға тапсыру алдында келіп түсті. Газет 21 мың тиражбен басылады, нөмір сатылымға шықты» деп айтылған.

Корреспондент «Якутск Вечерний» газетінің журналистері күдіктіні тергеу әрекетіне қайта шақыртқаны үшін ақпаратқа көзі түскен. 

Васильев сөзін «газетте жұмыс істейтін әріптестеріміз қателік жасағанған ұқсайды. Бастысы қателік қылмысқа айналмаса болғаны» деп аяқтады. 

 

Factcheck.kz