Халықаралық валюта қоры: жаһандық экономиканың өсуі баяулады

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жаһандық экономика өсу қарқынының баяулағанын және оның жақын арада қалпына келуі екіталай екенін мәлімдеді. Бұл туралы “Голос Америки” сайты хабарлады.

ХВҚ мәліметінше, былтыр жаһандық экономиканың өсімі 6,1%-ті құраған. Ал биыл 3,2%-ке төмендеуі мүмкін.

Бұдан бөлек, «пандемия салдарынан әлсіреген жаһандық экономика бірнеше күйзелісті бастан өткергенін» хабарлады. Мысал ретінде АҚШ пен Еуропадағы инфляция деңгейінің айтарлықтай өсуін, Қытай экономикасының коронавирус пен карантин әсерінен төмендеуін және Ресейдің Украинаға басып кіруін келтірді.

Сонымен қатар, ХВҚ дерегінше, дүние жүзінде тұтыну тауарларының, әсіресе азық-түлік пен энергияның бағасы өсіп жатыр. Бұл экономикасы дамыған елдерде 6,6%-ке, дамушы елдерде 9,5%-ке өсуі мүмкін.

Қор Украинадағы соғыстың салдарынан Ресей Еуропа елдеріне табиғи газ экспортын “кенеттен тоқтатуы” мүмкін екенін және инфляция болжамнан да жоғары қарқынмен өссе, “инфляцияны төмендету одан да қиын болуы ықтимал” екенін хабарлады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz