Халық банктен 100 мың теңге — тағы да фейк

WhatsApp мессенджерінде “Халық банк 100 жыл толуына орай акция ұйымдастырып жатыр” деген сарында сілтемелер тарап жүр. Сұрақтарға жауап беру арқылы 100 000 тг ұтып алады-мыс. Кезекті банк акциясын бірге тексеріп көрейік.

Халық банктен 100 мың теңге — тағы да фейк
WhatsApp-ғы таралма

Халық банктің 100 жыл толуына орай сұрақтарға жауап беру арқылы 100 000 тг ұтып ал.

Үкім: Фейк

“Халық банктің 100 жыл толуына орай” деген тіркес адамдардың акцияға сенуіне себепкер болып, сізді алдап түсіреді. halykbank.kz сайтынан ұйымға 97 жыл толғанын және ешқандай конкурс өткізіп жатбағанын көре аламыз. Сондықтан да, бұл хабарлама – фейк және адамдардың дербес деректерін жинау үшін құрылған қақпан.

Естеріңізде болсын: Халық не басқа да банктер ешқашан WhatsApp-тан акция немесе шара ұйымдастырмайды! WhatsApp ресми хабар тарататын орын емес, ол – хат алмасатын мессенджер ғана.

Домен ше?

Ал сілтемеде көрсетілген mcqclvv.cn сайтын домендер іздейтін domain.com сайтынан қарап көрдік. Сайт 2020 жылы қарашаның 9-да қытайлық компанияға тіркелген.

Халық банктен 100 мың теңге — тағы да фейк

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz