Хакерлер Қазнетке шабуыл жасады

Бірнеше күннен бері интернеттің қазақстандық сегментіне кибершабуыл жасалып жатыр. Бұл туралы “Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ мәлімдеді.

“Мақсатты кибершабуылдар елдің мемлекеттік органдарына да, Қазнеттің инфрақұрылымына да бағытталған. Кибершабуыл салдарынан интернет байланысында іркіліс болып жатыр.”

“Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ

“Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ ұзақ мерзімді кибершабуылдар дүниежүзі және елде болып жатқан әлеуметтік оқиғалармен байланысты деп болжайды.

“Ақпараттық қауіпсіздікке қатысты мәселеге тап болсаңыз, тәулік бойы жұмыс істейтін 1400 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы мамандарға хабарласыңыз немесе Telegram чатына өтініш жіберіңіз: https://t.me/kzcert.”

“Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ
Factcheck.kz