Хакерлер АҚШ пен басқа елдегі алпауыт тоғыз ұйымға кибершабуыл жасады

Белгісіз хакерлер тобы тоғыз ұйымға кибершабуыл жасады. Оның арасында АҚШ-тың кем дегенде бір ұйымы бар. Бұл туралы CNN сайты хабарлады.

Ақпараттық қауіпсіздік қызметін ұсынатын Palo Alto Networks мәліметінше, хакерлер қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, технология және білім беру саласындағы тоғыз ұйымның желісін бұзған.

Сонымен қатар, бұл ұйымдардың кем дегенде біреуі АҚШ-та орналасқан. Palo Alto Networks өкілі Райан Олсонның айтуынша, хакерлердің шабуыл әдісі Қытайдың киберқылмыскер тобының тактикасымен сәйкес келеді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz