WikiLeaks ісі: Челси Мэннинг қайта қамауға алынды

WikiLeaks ісін жүргізуде көмектесуден бас тартқаны үшін АҚШ соты Челси Мэннингті қамауға алды. NBC News хабарлауынша сот отырысы жақында өтті. Аудандық сот Энтони Тренгтің шешімі бойынша Мэнинг 30 күн ішінде сот талабын орындамаса күніне 500 доллар айыппұл төлеуді. Екі айдан соң бұл сомма 1000 долларға дейін өседі.    

Сотта Мэннинг  «Мен ұстанымымды өзгертпеймін, тіпті аштан өлуге дайынмын» деп мәлімдеді. 

Мэннингті түрмеге алып кетіп бара жатқанын көрген қорғаушы Мойра Мельцер-Коэн қорғалушы өз принциптерін өзгертпейтінін хабарлады. Қорғаушысы:

«Чэлси Мэннинг туралы не ойласаңыздар да, оның қиналудың не екенін білетін бірбеткей адам екенін ұмытпаңыздар» 

Прокурор Мэннинг азаматтық міндеттерін орындаудан босатылмағанын айтты. Олардың айтуынша Мэннингті түрмеге жабу оны куәлік етуге мәжбүрлейтін жалғыз амал.

Контекст

Челси Меннинг (шын аты Брэдли Эдвард Меннинг) WikiLeaks құжаттарын беру туралы істен соң атақты болған АҚШ бұрынғы әскери қызметкері. Оның сот ісі 2013 жылы қарастырылды. Америка Құрама Штаттарының әскери соты Мэннингті құпия құжаттарды сайтқа бергені үшін 35 жылға бас бостандығынан айырған еді. Шешім бойынша Мэннинг тоғыз жылдан соң шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш білдіре алады. Шешім шығарған күннен кейін Мэннинг өзінің транс-әйел екенін мәлімдеді.

2017 жылы АҚШ президенті Барак Обама Мэннингке рақымшылық жасады. Нәтижесінде Челси 2017 жылдың мамырдың 17-сі бостандыққа шықты.   

 

Factcheck.kz