WhatsApp жеке ақпаратқа қатысты жаңа функцияны сынақтан өткізіп жатыр

WhatsApp әзірлеушілері жеке ақпаратты белгілі бір контактіден жасыруға мүмкіндік беретін жаңа функциясын іске асырды. Бұл туралы SecurityLab сайты хабарлады.

Әзірше, cынақтан өтіп жатқан жаңа функция санаулы Android қолданушыларына қол жетімді. Алдағы уақытта iOS пайдаланушыларына да қол жетімді болады.

Жаңа функция сіздің статусыңызды белгілі бір контактіден жасыруға мүмкіндік береді. Егер белгілі бір контакт жеке дерегіңізді көргенін қаламасаңыз, оны шектеу тізіміне қоса аласыз.

Алайда “қара тізімге” енген контакт пайдаланушының желіде болғанын немесе болмағанын көре алады. Сонымен қатар, хабарлама жіберу мүмкіндігі болады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz