WhatsApp Үндістан үкіметін сотқа берді

WhatsApp желісі Үндістан үкіметіне қарсы сот ісін бастады. Бұған Үндістанда әлеуметтік желі туралы қабылданған жаңа ереже себеп болды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

WhatsApp Делидің Жоғарғы сотына Үндістанда қабылданған жаңа ереженің «жеке адамға қатысты ережені бұзады» деп шағымданған. Сарапшылардың пікірінше, желі әкімшілігі Үндістан үкіметінің талабын орындаса, құпия ақпаратқа қатысты ережені бұзуға мәжбүр болады.

Үндістанның жаңа ережесіне сай, әлеуметтік желілерді ресми органдардың сұрауы бойынша хабарлама авторы туралы ақпаратты ұсынуға мәжбүрлейді. Яғни, Үндістан билігінен кез келген хабарламаны бірінші кім жібергенін анықтау сұралса, желі билік талабын орындауға міндеттеледі.

WhatsApp әкімшілігінің хабарлауынша, Үндістан үкіметінің қабылдаған ережесі желі қолданушылардың құқығын бұзады.

Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетінде журналистика мамандығы бойынша оқиды. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.