WhatsApp клон-қолданбаға қатысты ескерту жасады

WhatsApp компаниясы қолданушыларын түпнұсқаға ұқсас өзге қолданбаларды пайдаланудағы қауіп-қатерге қатысты ескерту жасады. The Sun басылымы қазір WhatsApp-тың көптеген «клоны» бар екенін және олардың біреуін орнату тұтынушыларға қауіп төндіруі мүмкін екенін жазған.

Бейресми WhatsApp қолданбалары — біздің қолданбамыздың өзгертілген нұсқалары. Оларды біз емес, үшінші тарап әзірлеген.

WhatsApp компаниясы

Кей адам клон-қолданбаны қосымша мүмкіндіктерін пайдалану үшін әдейі орнатады.

Біз бұл қолданбаларды қолдамаймыз, себебі олардың қауіпсіздік шараларын тексере алмаймыз. Олар сіздің жеке өміріңіз бен қауіпсіздігіңізге нұқсан келтіреді. Сіз оларды пайдалансаңыз, хабарламаңыз не деректеріңіздің, сіз бөлісетін орын я файлдардың жеке және қауіпсіз болып қалатынына кепілдік жоқ.

WhatsApp компаниясы

Ресми мессенджерді көшірмеден ажырату оңай: Google пайдаланушыларға түпнұсқа емес қолданбаны жүктеп алған жағдайда ескерту жасайды. Десе де бұл функцияға ғана сенім артуға болмайды.

WhatsApp өкілдері клон пайдалану жеке мәліметтер қауіпсіздігінен басқа да қатерге алып келуі мүмкін екенін айтады. Адам үшінші тарап әзірлеген қолданбаларды пайдаланып, мессенджердің қызмет көрсету шарттарын бұзуы мүмкін. Ал бұл оларды тұпнұсқа қолданбада бұғаттауға әкелуі ықтимал.

Factcheck.kz