VII бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу

Мөлдір Өтегенова мен Думан Терликбаевтың «Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу» атты зерттеу-материалының бөлімдер сериясын жалғастырамыз. Зерттеудің бұған дейінгі I бөлімі, II бөлімі, III бөлімі, IV бөлімі, V бөлімі және VI бөлімдерінде әлеуметтік желіге мониториң нәтижесін, сыни дискурс анализді және хомофобияның социумдық себептерін іздедік. Бүгін ұсынатын VII бөлімде зерттеу материалды жалпы қорытындылап, қоғамда қордаланған мәселені шешу мақсатында ұсыныстар айтамыз.

Бұл зерттеу тәуелсіз авторлардан құралған MediaNet ХЖО сарапшылар тобы медиада 2021 жылы жарияланған материалдар мен желідегі посттарды саралап, оларды талдау аясында жүргізілді. 

Қорытынды 

Әлеуметтік желі пайдаланушылар пікірін анализ жасаған соң келетін қорытынды — ЛГБТК+ образы пайдаланушылар үшін тұтас бір үлкен түсінік. Қолданушылар әрбір ориентация мен гендерлік даралыққа мән бермейді, ажыратпайды. Пайдаланушылар “біз” және “олар” идеясын қалыптастыра келе, “олардан” жау образын жасауға ұмтылады. Мұны дінмен, адамзатпен, тарихпен және ұлтпен байланыстыруға тырысады. Бұл абстракт түсініктер призмасымен қаралған тұжырымдар кейде бір-біріне қайшы келетінін де айта кеткен жөн.  Дегенмен, пайдаланушылар тарапынан қолданылған тіл және қолда бар мәліметтер арқылы жеке-жеке ориентацияның нәзік әрі ұқсас шекарасын байқауға болады. 

Негатив көзқарас, азшыл топты алалау комплексті проблема болғандықтан, бұл ұзақ мерзімді жұмысты талап етеді. Зерттеуімізде атап өткендей осы көзқарасқа мәдени, саяси, экономикалық, психологиялық, діни, тарихи факторлар әсер етеді. Мұндай проблема тек Қазақстанда ғана емес, көп дамушы, постсовет елдердерде әлі шешімін таппаған. 

Оның үстіне бұқара ішіндегі әлеуметтік қатынастан бөлек, мемлекеттік саясатта да бұл тақырып табу күйінде не популизмнің инструменті ретінде қалып отыр.  

Тұлғаның сексуал ориентациясының айырмашылықтарын, гендерлік даралықты және жалпы жыныстық тақырыпты қозғаудың табу болуы мәселенің айналасындағы қазақша ақпараттың аздығын айғақтайды. Мектеп қабырғасында жыныстық сауат туралы ақпарат тұтынбаған бала мұны мектептен тыс жерде алады, бұл өз кезегінде тұлғаның сексуал ориентациясы туралы шала деректердің, мифтердің және ғылымға қарсы ақпараттың тууына алып келеді. Бұлай өскен тұлға қоғам пікірінің ығына жығылатын хомофобиялық көз-қарас қалыптастырады, ал хомосексуал адамдарда ішкі хомофобия пайда болуына ықпал етеді. 

Жан-жақты зерттеулер көрсеткендей [38], мектеп жасынан басталатын жынысттық сауатты арттыру хомофобияны азайтады, оның шығу тегін түсіндіреді және жалпы әлеуметтік теңдікке, сексуал партнерлер тарапынан зорлық-зомбылықты азайтуға, сексуал өмірге салауатты қарауға айтарлықтай көмектеседі. 

Ұсыныстар

Бұл зертеу нәтижесіне сай, мақала авторлары келесіні ұсынады:

Мемлекеттік органдарға: 

  • Өшпенділік тілін қолданатын ҚПЛ мен жалпы жазба авторларына заңға сай жауапкешілік барын түсіндіру;
  • Гендерлік саясатты нақты және ашық жүргізу;
  • Азаматтық қоғаммен белсенді жұмыс;
  • Адам құқықтарының сақталуы, азшылық топторға қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында нақты қадамдар жасау;
  • Гендерлік стереотиптерді бұзатын ақпаратты көбейту, соның ішінде қазақ тілінде сапалы ақпарат тарату;
  • Бұқара арасында құқықтық және жыныстық сауатты арттыру;
  • Ислам дінінің инклюзив мәдени механизм ретінде жұмыс істеуі үшін алғышарттарын қалыптастыру.

Медиа және медиа белсенділерге (блогерлерге):

  • Гендерлік стереотиптерді бұзатын ақпаратты көбейту, соның ішінде қазақ тілінде сапалы ақпарат тарату;
  • ЛГБТК+ қауымдастық жайлы позитив және ақпараттандыратын материалды көбейту;
  • Гендерлі-сезімтал медиа қалыптастыру;
  • ЛГБТК+ тақырбын көтергенде шекаралары анық көрінетін этикалық принциптер қалыптастыру және сол принциптерден танбау;
  • Медиа редакторларына журналистерді адам құқығы, ар-ожаданы, гендер мен ориентация тақырыбында ақпараттандыру және осы тақырыпқа қатысты редакцияның ішкі тәртібін қалыптастыру ұсынылады. 

Қоғам белсенділеріне / үкіметтік емес ұйымдарға:

  • Адам құқықтарының сақталуын, азшылық топторына қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында жұмыс істеу;
  • Аудитория алдындағы жауапкершілікті сезіну және өшпенділік тудыратын ақпарат таратпау;
  • Үлкен қалалардан бөлек, аймақтарда да адам құқығына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 
  • Азшылық топтарға қатысты медиа мен мемлекеттік деңгейде позитив позициядағы ақпараттың көбеюіне көмектесу.

Дереккөздер:

  1. https://www.jahonline.org/article/S1054-139X(20)30456-0/fulltext

Бұл материал Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырған «ЛГБТК+ және гендерлік теңдік мәселелеріне қатысты тақырыптарды қабылдау және жариялауға мониторинг» жобасы аясында дайындалды.

Factcheck.kz