VI бөлім. Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу

Мөлдір Өтегенова мен Думан Терликбаевтың «Қазақстандағы хомофобия: сыни дискурс анализ және әлеуметтік себептерін іздеу» атты зерттеу-материалының бөлімдер сериясын жалғастырамыз. Бүгін ұсынатын VI бөлімде қоғамның ЛГБТК+ қауымдастыққа көзқарасына әлеуметтік психологияның әсері талданады. 

Бұл зерттеу тәуелсіз авторлардан құралған MediaNet ХЖО сарапшылар тобы медиада 2021 жылы жарияланған материалдар мен желідегі посттарды саралап, оларды талдау аясында жүргізілді. 

Зерттеудің I бөлімі, II бөлімі, III бөлімі, IV бөлімі мен V бөлімін сайтымыздан оқи аласыз.

Жүздеген мың адамның деректерін талдау барысында зерттеушілер хомосексуалдықпен байланысты генетикалық заңдылықтарды анықтап, оның адамдарға әртүрлі жыныстағы серіктестер табуға және көбеюге қалай көмектесетінін көрсетті. Алайда басқа зерттеушілер бұған қарап қорытынды тұжырым жасауға болатынына күмәнданады [30].

Шындығында, адамдардың жұбайынан басқа адамды ұнатса да моногамиялық шектеулермен өмір сүретіні секілді, адамның хомосексуалдығы мен оған көзқарасына мәдениет пен индивидтің ортасы да айтарлықтай әсер етеді [31].

Мониториң жасалған парақшалар мен ҚПЛ мәтінінде хомосексуалдықты “ауруға” теңеу жиі кезігеді. Алайда бұл да шындыққа сәйкес келмейді. 1950 жылдарға дейінгі хомосексуалдықты зерттеу түрмедегі не психикалық ауытқуы бар адамдарды зерттеу арқылы жүзеге асқан, сондықтан осындай қате көзқарас қалыптасқан [32].

1990 жылы 17 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хомосексуалдықты аурулардың халықаралық жіктемесінен шығарды [33].

“Хомофобия” терминін 1972 Weinberg енгізген. Weinberg емделуші пациенттермен жұмыс істей келе, хомофобиялық көзқарас адам өзінің дейсаналы түрде хомосексуал екені туралы қорқынышты күштеп басқан соң пайда болатын фобия деген тұжырымға келеді. Мұндай тұжырым келесідей зерттеулер растайды: қатты хомофоб еркектерде хомосексуалдық эротикалық видеоны көру барысында эрекция байқалған, ал хомофоб емес еркектерде мұндай өзгеріс болмаған [34].

Одан бөлек, хомосексуалдыққа қарсы адамдар (хомофобтар) нәсілшіл, анти-феминистшіл және этноцентрист болуы ықтималдығы жоғары [35].

Ең ықпалды анти-хомосексуал көңіл-күйдің предиктрі “авторитар тұлға” түсінігі.

Авторитар тұлға“— мықты көшбасшыларға мойынсұнуды, жалпы қабылданған моральдық кодекстерді бұзатындардың барлығын жазалауды қалауды және жалпы әлеуметтік моральдың бұзылуынан қатты қорқуды қамтитын көзқарастар жиынтығы [36]. Маскулиндіктің хегемониялық нормалары да хомофобияға әсер ететінін ескеру қажет [37].

Дереккөздер:

  1. https://www.nature.com/articles/d41586-021-02312-0
  2. https://blogs.scientificamerican.com/guest-blog/is-homosexuality-a-choice/
  3. https://www.apa.org/ed/precollege/ptn/2018/05/society-accept-homosexuality
  4. https://www.euro.who.int/en/health-topics/health-determinants/gender/news/news/2011/05/stop-discrimination-against-homosexual-men-and-women
  5. McFarland, 2010 
  6. Adams, Wright & Lohr, 1996 
  7. Whitley, 1999.
  8. Fox & Tang, 2017; Mikorski & Syzmanski, 2017; Quinn, 2002

Бұл материал Сорос Қазақстан Қорының қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асырған «ЛГБТК+ және гендерлік теңдік мәселелеріне қатысты тақырыптарды қабылдау және жариялауға мониторинг» жобасы аясында дайындалды.

Factcheck.kz