Вакцинада шошқа желатині мен эмбрионал жасушалар бар ма?

Бірнеше ай көлемінде әлеуметтік желіде вакцинаның құрамына қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Хабарламаның бірінде екпе құрамында шошқа желатині бар екені жазылса, келесісінде HEK 293 туралы (Жасуша желісі Human Embryonic Kidney 293) айтылады. Бұл хабарламаларда вакцинаның «‎халал»‎ екеніне күмән келтіреді. Оқырманымыз үшін маңызды екенін ескере отырып, Factcheck.kz бұл деректердің қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Вакцинада шошқа желатині мен эмбрионал жасушалар бар ма?
Желіде тараған ақпарат

Жақында желіде қытайлық коронавирусқа қарсы вакцинаны жасаушылар препараттың құрамындағы шошқа желатинін жасыруға тырысқаны туралы жаңалық пайда болды.

Желіде тараған ақпарат

Үкім: Фейк

Қазір Қытайдың кем дегенде екі вакцинасы белсенді түрде егіліп жатыр, тағы бірнешесі кандидат тізімінде тұр. Ал Индонезия секілді тұрғынының көп бөлігін мұсылмандар құрайтын мемлекет Қытайдың Sinovac екпесін «‎халал»‎ деп мойындады. Қазақстнаға келген, Біріккен Араб Әмірлігінде өндірілген, қытайлық Sinopharm компаниясының екпесінде шошқа желатині жоқ. Sinovac компанииясының CoronaVac екпесінің құрамынан да шошқа желатині табымаған.

Hayat-Vax құрамы: негізгі зат — белсенді емес SARS-CoV-2; қосымша заттар: динатрия гидрофосфат, натрий хлориді, натрий дигидрофосфаты, алюминий гидроксиді.

Қазіргі вакциналарда мүмкіндігінше қауіпсіз және тиімді болу үшін қажетті ингредиенттер ғана қолданылады. Әдетте, екпенің құрамында болуы мүмкін қоспалар мен заттарды мына сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Шошқа желатині ше?

Шошқадан алынған желатин кейбір тірі вакциналарда белсенді вирустарды температураның әсерінен қорғау үшін тұрақтандырғыш ретінде қолданылады. Вакциналардағы желатин жақсы тазартылған және гидролизденген (сумен ыдырайды), сондықтан ол тамақ өнімдерінде қолданылатын табиғи желатиннен өзгеше. Мысалы, ғылыми зерттеулер мұрын тұмауына қарсы вакцинада (Fluenz – Ұлыбританияда қолданылатын вакцина) шошқаның ДНҚ-сын анықтау мүмкін емес екенін көрсеткен.

Құрамында желатин бар вакциналарға аллергиялық реакция жағдайлары аз тіркелді (вакцинаның әр 2 миллион дозасына шамамен бір жағдай). Желатинге аллергиясы бар адамдар құрамында желатин бар вакцина алудан бұрын маманнан кеңес алуы керек.

Спутник V вакцинасын шығарған адамдардың өзі оның құрамында HEK 293 жасушасы бар екенін жасырмауда. Бізге өлген нәрестенің жасушалары қолданылған екпе ұсынып жатыр.

Желіде тараған ақпарат

Үкім: Манипуляция және жалған

Шынында да, вакцинаны жасау кезінде HEK-293 жасушалары қолданылғанын ешкім жоққа шығармайды. Алайда, ол вакцинаның өзінде жоқ. Өндіріс технологиясына сай, жасуша вакцинаға енбейді.

Бірақ:

Бізге (кейбір блогер айтып жүргендей) «аборт жасалған баланың жасушасы салынады» деу шындыққа мүлде жанаспайды.

«‎Спутник V»‎ вакцинасын шығарушылардың бірі Владимир Гущин вакцина жасау барысында 1973 жылы адамның эмбрионалды бүйрегінен алынған жасуша линиясы пайдаланылғанын, бірақ екпенің өзінде HEK 293 жоқ екенін айтқан. Хроматографиялық тазарту көмегімен вирустың бөлшегі адам жасушасының іздерінен арылады, сонымен қатар, ештеңе қалмауы үшін буферлік жүйелер қолданылады.

Бізде 1973 жылы адам жасушаларынан алынған тілін бар… Бұл жасушалар аденовирустық бөлшектерді шығару үшін өсіріледі.

Владимир Гущин

Блогер Қайырбеков HEK 293 туралы айтқанда, деректерді бұрмалауға тырысып, аборт статистикасын келтіреді. 50 жылға жуық уақыт бойы ғылымның қажеттіліктері үшін қолданылып келе жатқан бұл жасуша жүйесі 1973 жылы Нидерландыда заңды түрде түсік тасталған адамның бүйрек жасушалары. Блогер аудиториясына ол жасушалар зертханалық жағдайда жасанды түрде өндіріліп келе жатқанын түсіндірмейді. Бастапқы жасуша сызықтарына негізделген кез-келген вакцина жаңа абортты қажет етпейді. Бұл туралы Vox Ukraine және Snopes сайттары жазды.

HEK 293 туралы не білуіміз керек?

HEK 293 туралы канадалық доктор Фрэнк Грэхемнің жұмысының арқасында айтыла бастады. Ол бір аденовирустар қатерлі ісіктің тууына әсер етсе басқалары неге олай ықпал етпейді деген тақырыпты зерттеумен айналысқан. 1970 жылдардың басында көптеген ғалым осы бағытта вирустардың жасушаның функциясы мен сыртқы пішінін өзгертуіне әсерін зерттеді. Сол уақытта Лейден университетінде жұмыс істеп жүрген Фрэнк Грэхем аденовирустың ДНҚ-сы арқылы бірнеше жасушаны өзгетіп үлгеріп (адамның емес), адамның жасушаларына да осыны сынап көруді ойлап жүрген. Бүгінде векторлы вакциналарды жасауда қолданылатын HEK 293 желісіне негізделген жасуша жүйесі зертхана жағдайында ұзақ өсіру нәтижесінде алынған және іс жүзінде абортталған бала организмінің бөлігі емес. HEK 293-тің артықшылықтарының бірі — рекомбинантты ақуыз өндірісіндегі жоғары тиімділігі.

Алғашқы жасушаларды голландиялық зерттеуші Алекс ван дер Эб түсік тастаған адам эмбрионының бүйрегінен алды. Төменде осы сызықтың жасушаларын өсіру жолы келтірілген:

Внешний файл, содержащий изображение, иллюстрацию и т. Д. Имя объекта - ncomms5767-f1.jpg
HEK 293-тің алыну тарихы

Бұл жасуша желісі модификацияланған аденовирустарды жылдам көбейте алатындықтан таңдалған. Басқаша айтқанда, бұл әдеттегі вакцинаны жасаудың ең жылдам тәсілі. Яғни, абортқа қарсылардың сөзіне қарамастан, бұл жасуша мәдениеті ондаған жылдар бойы жасанды түрде өсіріліп жатқанын ұмытпаған жөн. Оны қолдануға деген көзқарас дінге, адам көз қарасына қарай әр түрлі.

AstraZeneca (қазір Vaxzevria деп аталады) мен Спутник V бір технология бойынша жасалған. Бұл оның айналасында ұқсас алыпқашпа әңгіме тууына түрткі болған. AstraZeneca өзгертілген вирусты алғашында бүйректің эмбриональды тінінен алынған жасушада ішінара өсіру арқылы жасалады. Бірақ екпе құрамында дәл Спутник V секілді жасуша материалы жоқ екенін ескеру маңызды. Екпелер «тазартылады» және инъекция кезінде «дененің абортталған бөлшектері» адам ағзасына енбейді.

Дін, этика және ұрық жасушалары

Ұрық жасушаларын қолдану кейбір діни қауымдастықтар мен маңызды санайтын адамдар үшін өте нәзік және маңызды тақырып. Сондықтан бұл мәселені толығырақ қарастырған жөн. Бірақ алдымен діни этиканың тек канонмен ғана емес, сонымен бірге рухани көшбасшылар мен тәлімгерлердің шешімдерімен де анықталатынына назар аударайық. Мысалы, жасалу барысында ұрық жасушалары қолданылған Johnson & Johnson вакцинасы жөнінде католик епископтары конференциясында (атап айтқанда PER.C6 1985 жылы алынған торлы эмбрионалды жасушаларға негізделген зертханалық өсірілген жүйе) келесідей мәлімдеме жасады:

…COVID-19 вакцинасын алу біздің қауымдастықтың басқа мүшелеріне деген мейірімділік әрекеті ретінде қарастырылуы керек. Осы дағдарыстың өзектілігін, басқа вакциналардың жоқтығын және ондаған жыл бұрын жасалған түсіктің қазіргі вакцинамен байланысы әлсіз екенін ескере отырып, мұндай жағдайда жаңа COVID-19 вакциналарын егу моральды тұрғыдан оң болуы мүмкін.

United States Conference of Catholic Bishops

Рухани көсемдердің вакцина егуге көз-қарасы

Орыс Православ шіркеуі (ОПШ) әлі бұл мәселе бойынша біржақты нақты шешім қабылдаған жоқ, бірақ абортталған эмбриондардың жасушаларын пайдаланбауға шақырады. Дей тұрғанымен, Патриарх Кирилл наурызда вакцина салдырған, оған қай вакцина егілгенін ОПШ ресми түрде айтпады. Ал Ватикан қазіргі абортқа қатысы болмағандықтан «‎абортталған эмбриондардың жасушалық желілері қолданылған COVID-19 вакциналарын пайдалану моральді тұрғыдан дұрысырақ»‎ екенін айтты. Рим папасы Францисктің өзіне 2020 жылдың қаңтарында Pfizer вакцинасы егілді, оны да тестілеудің бастапқы кезеңінде HEK 293 жасушалары қолданылған.

Бұл мәселеде мұсылмандардың көзқарасы бірдей емес. Бірақ көбі вакцина алуға шақырады, өйткені бұл ислам заңдарына қайшы келмейді. Ресей мен Қазақстан мұсылмандарының басқармасы «Спутник V» вакцинасын халал деп таныды.

Спутник V екпесі кошер деп те танылған.

Қорытынды

  • Вакцина жасалу кезінде ұрық жасушалары пайдаланылғандықтан туындаған дауға қарамастан ислам көсемдерінің көбі вакцинаны этикаға сай және халал деп мойындауға бейім;
  • Оның үстіне, Рим-католик шіркеуі мен ОПШ (РПЦ) басшылары вакцина салдырған және сенушілерді де осыған шақырады;
  • Егілетін вакцина құрамында (Sputnik V, Vaxzevria) ұрық жасушалары жоқ;
  • «Қытай» вакциналары делінетін Sinovac пен Sinofarm компаниялары әзірлеген екпелердің құрамында шошқа желатині жоқ.
Factcheck.kz