Вакцина салған марқұмдардың денесінен наночип табылғаны рас па?

Әлеуметтік желіде вакцина салған марқұмдардың денесінен наночип табылғаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Желідегі жазбада қастандық теориясы жиі жарияланатын makslorann.com сайтына сілтеме жасалған. Материалда Ройтлинген (Германия) патология институтының қызметкерлері, яғни, патологоанатом ғалымдары конференцияда осылай айтқаны жазылған. Сонымен қатар, конференцияда сегіз мүрдеге (басқа ақпарат бойынша 10 мүрде) анализ жасалған-мыс. Бұл ақпарат Германияда кеңінен тарағасын, Correctiv.org фактчекерлері де тексерген. Factcheck.kz мұндай ақпараттың тарауына не түрткі болғанын және қалай тарағанын тексерді.

Мәлімдеме: Вакцинадан қайтыс болғандардың денесінен наночип табылды – Ройтлинген (Германия) патология институтының қызметкерлері патологоанатом ғалымдарының конференциясынан. Қайтыс болғандардың тініне патологоанатомдар анализ жасады: профессор доктор Арне Буркхардт; профессор доктор Вальтер Ланг.

Дереккөз: makslorann.com (мәтін түпнұсқада жарияланды)

Үкім: Жалған және манипуляция

Неге жалған? Қайтыс болғандардың тінінен наночип табылғаны туралы ешқандай дәлел жоқ.

Неге манипуляция: Бұл зерттеу ғылыми әдіснамаға сай жасалмаған. Ал бастапқы деректер салыстыруға келмейді. Сонымен қатар, кәсіби қауымдастықтар мұндай мәлімдеменің ғылыми емес екенін айтып, жасаған мәлімдемен келіспейді. Екі патологоанатом да бұрын (қоғамдық орында маска тағуға рұқсат беретін жартылай заңды сертификат сатқан ұйым) күмәнді ұйыммен жұмыс істеген.

Ақпарат қалай бұрмаланды?

20 қыркүйекте өткен онлайн конференцияда зейнеттегі екі патологоанатом Арне Буркхардт (Arne Burkhardt) пен Уолтер Ланг (Walter Lang) коронавирустан қайтыс болған он адам жайлы айтты. Сонымен қатар, патологоанатомдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның металмен ластанғанын көрсетті.

Буркхард пресс-конференцияда вакцина салдырғаннан соң қайтыс болған 10 адамның мәйітіне жасалған анализді көрсетеді. Презентацияда қайтыс болғандар 54-95 жас аралығында болғаны айтылады. Ал олар вакцина салдырған соң 31 күннен алты ай аралығында қайтыс болған. Ал екі адамның қашан қайтыс болғаны жайлы және вакцина салдырғаны туралы мүлдем ақпарат жоқ. Сонымен қатар, зерттеу әдіснамасы туралы да ешнәрсе айтылмады.

Арне Буркхардтың айтуынша, вакцина салдырған соң барлық мүшеде қабыну болған. Оның сөзінше, лейкоциттер бір жерге жинақталуы күмәнді. Ол бұны “лимфоциттердің бұзылуы” деп атады. Ол тезисін дәлелдеуге тырысып, бүйректе немесе бауырда лимфоциттің болғанын суреттен көрсетеді.

Вакцина салған марқұмдардың денесінен наночип табылғаны рас па?
Арне Буркхардтың сөзінше, вакцина иммундық жүйенің реакциясын арттыратынын айтады. Ол мұны “лимфоциттердің бұзылуы” деп сипаттайды (Скриншот: CORRECTIV.Faktencheck).

CORRECTIVE журналистері неміс патологтарының Федералды қауымдастығынан (BDP) және неміс патологтар қоғамынан (DGP) конференцияда айтылған мәлімдемеге байланысты сауал жолдады. Екі ұйым да ғылыми тұрғыда расталмағанын айтып, “растайтын негіз жоқ” деді.

Германияның COVID-19 инфекциясынан кейінгі аутопсия реестрі CORRECTIV журналистеріне фото жайлы дұрыс түсініктеме берілмегенін айтты. “Суретте айтарлықтай ерекше ешнәрсе жоқ”, сонымен қатар, “лимфоциттердің бұзылуы” деген диагноз жоқ” екенін айтты.

Наночип туралы не деп айтты?

Буркхардт презентацияның соңында наночиптердің вакцинада бар екенін дәлелдеуге тырысады. Оның сөзінше, вакцинадан “қорап тәрізді элементтер”, “жіп тәрізді” және “ине тәрізді” заттар табылған. Ол тіпті суретін де көрсетеді.

Вакцина салған марқұмдардың денесінен наночип табылғаны рас па?
Вакцинадағы күдікті қоспалардың суреті (Дереккөз: Odysee / Скриншот және коллаж: (CORRECTIV.Faktencheck)

Ульмдегі Бундесвер ауруханасының қызметкері Конрад Штайнестель Twitter парақшасында фотоға байланысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, фотода жай “кір” көрсетілген. Ол шаң болған кез келген препараттан осындай сурет шығатынын айтты.

Арне Буркхард пен Уолтер Ланг деген кім?

Буркхард пен Ланг “Денсаулық, бостандық және демократия үшін дәрі-дәрмек пен ғалымдар” ассоциациясының мүшесі. Ассоциация сатып алушыларға e-mail арқылы маска тақпауға “рұқсат беретін” күмәнді сертификатты жіберген. Олар күмәнді сертификат бергені үшін ақы алған. Сонымен бірге, бұрынғы микробиология профессоры, қауымдастық мүшесі Сухарит Бхакди (Sucharit Bhakdi) пандемия, маскалар және вакцина туралы жалған және негізсіз мәлімдемені бірнеше рет айтқан.

Буркхардт пен Ланг бұрын неміс патология қоғамының (DGP) мүшесі болған. Мұны DGP Бас хатшысы Йорг Маас Correctiv.org журналистеріне растаған. Буркхард ол жерде 2019 жылға дейін қызмет еткен. Қазіргі уақытта екі автор да ұйымда жұмыс жасамайды.

Төменде DGP-нің пресс-конференцияға қатысты мәлімдемесі көрсетілген:

DGP жақында әлеуметтік желіде екі зейнеткер-патолог пен электротехниктің бастамасымен «COVID-19 вакцинациясынан кейін өлім себебі» тақырыбында өткен баспасөз конференциясынан өзін алшақ ұстайды. Бұл біздің мамандандырылған қоғамның ұстанымы емес, тек жеке пікірдің көрінісі. Басқалар сынға алғандай, ұсынылған деректер ғылыми тұрғыдан негізделмеген.

DGP-нің пресс-конференцияға қатысты мәлімдемесі

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz