Ұшақта вакцина салдырғандардан Bluetooth сигналы анықталып жатыр — тағы да фейк

Әлеуметтік желіде ұшақта түсірілген видео тарап жатыр. Видео авторы смартфоны “Bluetooth сигналын анықтағанын” көрсетеді. Reuters фактчекерлері бұл ақпарат туралы тексерді.

Видео авторының айтуынша, сигнал “вакцина салдырған жолаушылардан анықталып жатыр”.

5 желтоқсанда туиттер парақшада «Ұшақта вакцина салдырғандардан Bluetooth анықталып жатыр» деген хабарлама тараған.

Қазіргі уақытта вакцинаға қосатындай, тері астына ине арқылы енгізуге болатын кішкентай Bluetooth чипін жасаудың белгілі әдісі жоқ.

Bluetooth SIG маркетинг жөніндегі директоры (Bluetooth стандарттарын жасаушы ұйым) Кен Колдеруп.

Вакцина салдырған соң адам интернетке қосыла алады деген пікірді Аустралияның Денсаулық сақтау министрлігі де жоққа шығарған.

Осылайша, фактчекерлер COVID-19 вакцинасында Bluetooth чипі жоқ деген қорытындыға келді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz