Үндістандықтардың жартысы сайлау алдында фейк жаңалықтар алған

Үндістандағы жалпы парламенттік сайлаудан бір ай бұрын сайлаушылардың жартысы жалған ақпарат алған. Жүргізілген сауалнаманың нәтижесін The Drum хабарлайды.

Саясат және басқарма ісі институты (IGPP) сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 628 адам жауап берді, оның 53% -ы әлеуметтік желіде өткізілетін сайлау жайында жалған ақпарат алғандарын айтты.

Зерттеуде «Facebook және WhatsApp қолданушыларға жалған ақпарат таратылатын платформаға айналды. Әрбір екінші үндіс соңғы 30 күнде фейк ақпарат алған» деп айтылды.   

Баяндама сәуірдің 11-і басталып мамырдың 19-ына дейін жалғасатын сайлау қарсаңында жарияланды. Зерттеу 900 миллион сайлаушының назарын аудартады деп күтілуде.

Үндістанда Facebook және Whatsapp ақпарат іздеуге арналған ең танымал платформалар. Рейтер институтының зерттеуі көрсеткендей тұрғындардың 52%-ы  жаңалықты Facebook немесе/не WhatsApp-тан оқиды екен. Бұл екі платформаны 200 миллион үндіс күнделікті қолданады.

WhatsApp Үндістанда ақпараттың шынайылығын тексеретін қызмет түрін іске қосқаны жайлы хабарлаған еді.  Бұл ұлттық сайлау қарсаңында жалған ақпаратпен күресу үшін жасалған қадам ретінде ұсынылды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz