Ұмытпаймыз! Тарихтағы ірі пандемиялар мен індеттер

Адамзат әлі күнге дейін коронавирус пандемиясын жеңе алмай жатыр, сөйте тұра тарихта көптеген пандемия мен індетті басынан өткергенін мүлде ұмытып кетті. Бұған дейінгі пандемия 10 жыл бұрын болған, тек ол кезде әлеуметтік желі әсері байқалмаған еді. (Көптеген сайттағы архив жарияланымдар болмаса жадымызға сене бермеу керек екен.)

Factcheck.kz оқырманға адамзатқа шабуыл жасаған ең қауіпті жұқпалы аурулар шолуын ұсынады. Олардың кейбірі тіпті тарих барысына әсер ете алды. Бастысы, оқырман осы ауқымды оқиғалардың қысқа сипаттамасын оқып шыққан соң тиімді микроскопсыз-ақ бір нәрсені болжай алған ежелгі ойшылдардан бастап, 19 ғасырдың ғалымдарына дейінгі ғылыми ойдың дамуын көре алады. Оған қоса, бұл пандемияның да аяқталатынын түсінеді деп үміттенеміз.

Оба

Афина обасы (б.з.д. 230 жылдан б.з.д. 226 жылға дейін)

Ұмытпаймыз! Тарихтағы ірі пандемиялар мен індеттер

Афина мен Спарта арасында болған Пелопоннес соғысының екінші жылында 4 жылда Афина тұрғындарының төрттен бірін жойып жіберген індет басталды. 18 ғасырдың атақты неміс тарихшысы Карл Фридрих Беккер өзінің әйгілі кітабында: «Науқастардың тілі мен тамағы қабынады; бұл бақытсыз адамдар қатты ыстықтан әр таң сайын көптеген мәйітті көруге болатын құдықтарға барады».

Нәтижесінде, бұл ауру Афина генералы мен лидерінің бірі Периклдің өмірін қиды. Тарихшылар сол соғыстағы Афинаның жеңілісін эллин өркениеті құлдырауының басы деп санайды. «Оба» атауына қарамастан ғалымдар афиналықтардың іш сүзегі індетіне тап болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Антонинова обасы (б.з. 165-180 жж.)

Бұл – Рим империясында пайда болған індет. Шамамен осы жылдары Қытайда қорқынышты ауру пайда болды. Қазіргі ғалымдарда екі құбылыстың бір-бірімен байналысты болуы туралы әртүрлі нұсқа бар. Кей деректер бойынша римдіктер инфекцияны Тигр өзені бойындағы ежелгі Селевия қаласын басып аларда жұқтырған болуы мүмкін. Көне әлемнің ең әйгілі дәрігерінің бірі, ойы ұшқыр Клавдий Гален, әрине кей аурудың жұқпалы екенін білді және науқастар шығаратын «сасық ауа» туралы айтты.

Бұл індетті ауру белгілері сипаттамасының авторы құрметіне «Гален обасы» деп те атайды. Автордың арқасында ақпарат қазіргі заманға дейін жеткен. Басқа ауру белгілерімен қоса Гален дерт жұқтырған адам денесіндегі бөртпені сипаттады. Бұл көне тарихшылар «Антонинова обасы» деп атаған құбылыстың шешек індеті болғанын болжауға негіз болып отыр.

Юстиниан обасы (б.з. 541 – 750 жж.)

Бұл – адамзат тарихында алғаш рет тіркелген оба пандемиясы. Атауы Византия императоры бірінші Юстинианның құрметіне қойылған. Оба Еуропаның, Азияның және Солтүстік Африканың 90 миллион халқының өмірін қиған болуы мүмкін. Аурудың пайда болу себебі туралы пікір әртүрлі: оба Египеттен немесе Эфиопиядан басталуы мүмкін деген болжам бар, бірақ инфекция Орталық Азиядан тарай бастағаны туралы пікір де айтылады (өздеріңіз білесіздер, бұл аймақ, оның ішінде Қазақстан обамен ауырады).

«Қара өлім» (1346 – 1353 жж.)

Ұмытпаймыз! Тарихтағы ірі пандемиялар мен індеттер

Обаның екінші пандемиясы. Дерт ошағы тағы да Орталық Азия аумағында немесе Гоби шөлінде болуы мүмкін (ауру қазіргі Татарстан аумағында болуы мүмкін екені туралы материалды мына жерден оқыңыз).

Антонинова обасы сияқты оба Қытай мен Еуропада, мысалы, Алтын Ордада өршіп тұрды. Инфекцияның негізгі тасымалдаушысы егеуқұйрық пен адам бүргесі болды. Бұл ауруға шалдыққанның бәрі 100% қайтыс болған және ауру себебі белгісіз (ол кездегі ғалым ер адамдар ауру табиғатын түсінуде Клавдий Галеннен ары аса алмаған). Сол себепті бұл пандемиядан ортағасыр халқы қатты қорықты. Пандемия кезінде медицина ісінде оба дәрігері деген жаңа маман пайда болды. Бұл дәрігерлер дерті жазылмайтын науқастармен жұмыс істеуге келісті. Олар “тұмсығымен” ерекшеленетін айрықша маска тақты, ұзын қорғаныш костюмын, шляпа мен қолғап киді. Бұл костюмды 1619 жылы француз дәрегірң Шарль де Лорм ойлап тапты. Маска ауруды қорқытады деп саналған.

Пандемия салдары апатты болды, аурудан Еуропа халқының 60% -і көз жұмды. 18 ғасыр бойы және 19 ғасыр басында Англияда, Еуропа құрылығы аумағында және Ресейде оба жергілікті жерде аз-маз таралды. Обаның үшінші пандемиясы 19 ғасырда өтті.

Америкадағы шешек ауруы (16 және одан кейінгі ғасырлар)

Жаңа әлемді ашқан еуропалықтар өздерімен бірге Американың байырғы тұрғындарының иммунитеті жоқ ауруларды алып келді. Нәтижесінде, ацтектер мен инктардың үлкен өркениеттері жойылып, жаңа келгендер континенттерді жылдам жаулап алды: бұл ауру бүтін қоныстарды жайратып, кейде отарлаушылардың “алдын алып кетті”.

Жазылмайтын аурудан ондаған миллион үндіс қайтыс болды. Көз жұмғандарың саны белгісіз, біз бұл қайғылы жағдай ауқымын тек жанама белгілер арқылы ғана анықтай аламыз. Үндістердің демографиялық апатына осындай аурулар да себеп болды. Сөйтіп, Солтүстік және Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары еуропалық жаулап алушылар кесірінен жылдам азайды.

Тырысқақ

Алғашқы тырысқақ пандемиясы (1817 – 1824 ж.ж.)

Тырысқақ – Үндістанда кең таралған эндемия ауруы. Дегенмен 19 ғасырда бәрі өзгерді. Ауру басқа да кең аумаққа жылдам тарала бастады. Ғалымдар алғашқы тырысқақ пандемиясының себебіне туралы әлі де таласады. Соның бірі – британ отарлау саясатының салдарынан Үндістан тұрғындарының өмір салтының өзгеруі, аурудың әскерлерден және флоттан таралуы, ауру қоздырғышының мутацияға ұшырауы. Инфекция Азияның кейбір еліне және Еуропа, Ресей және Солтүстік Америкаға таралды.

Екінші тырысқақ пандемиясы (1826 – 1837 ж.ж.)

Ауру тағы да Үндістаннан шықты, бірақ бұл жолы шығысқа қарай тарала бастады. Бұл жылдары Қытай, Ауғанстан және Орталық Азия, Таяу Шығыс, Ресей, Еуропа қалалары тырысқақпен ауырды. Кейбір жерде пандемия апатқа айналды: әртүрлі елде ондаған және жүздеген адам қайтыс болды, Ресейдің өзінде 200 мыңнан астам адам қайтыс болды. Содан кейін «тырысқақ бүліктері» басталды. Халық үкімет енгізген карантинге жаппай наразылыққа шықты. Осындай көтерілістер Еуропаның кейбір мемлекетінде де болды. «Тырысқақ бүліктері» туралы қызық лекциядан үзіндіні «Қағаз» жариялады.

Үшінші тырысқақ пандемиясы (1846 – 1860 ж.ж.)

Ұмытпаймыз! Тарихтағы ірі пандемиялар мен індеттер

Еуропаның, Американың және Африканың әртүрлі елінде тағы да ондаған мың адам қайтыс болады. Апаттың ауқымына байланысты мемлекеттер өздерінің күш-жігерін біріктірді – Еуропаның 12 елі Бірінші халықаралық санитария конвенциясын қабылдады. Сол кезде медицина гигиенасы мен заманауи эпидемиологияның негізін қалаушының бірі британ дәрігері Джон Сноу танымал болды (қызық, танымал сериалдағы кейіпкердің пайда болуы осы атқа байланысты ма екен?). Ол Брод-стриттегі жергілікті тырысқақ ауруын зерттеп, соның арқасында атақты болды.

Сноу дәрігер «лас ауа» теориясына күмәнмен қарады (Клавдий Галеннің «сасық ауасын» еске түсіріп, 19 ғасырдың ортасында көп адам ескі теріс пікірді басшылыққа алып, әйтеуір ғылыми білімнің арқасында ол пікірлер жойыла бастады) және ауру көшедегі су бөлгіш мұнарадан тарай бастағанын анықтады. Мына сілтемеден Ричард Плэтт кітабынан үзінді оқи аласыз. Онда автор Сноудың жетістіктері туралы айтқан.

Төртінші және бесінші тырысқақ пандемиялары (1863 – 1875  ж.ж. және 1881 – 1896 ж.ж.)

Ауру тағы да тарай бастады. Бесінші тырысқақ пандемиясының бірі қызығы, бактерия Үндістаннан емес, Египеттен тарала бастады, екіншіден, 1883 жылы тарихи оқиға болды. Каирде неміс ғалымы Роберт Кох мәйіттерден тырысқақ вибрионын бөліп алып, сипаттады. Бұл жетістікті басқа ғалымдар да іліп әкетті. Оған қоса, олар Кохтың рас айтқанын дәлелдеу үшін қауіпті тәжірибе жүргізіп, өздеріне әдейі вирус жұқтырды. Тырысқақ пен обаға қарсы вакциналар жасаған Ресейдің бактериологы, иммунолог-эпидемиологы Владимир Хавкинді айтпай кетуге болмайды. Тырысқақ вакцинасы 1892 жылы әзірленді. Британ үкіметінің көмегімен Хавкин бесінші пандемия өршіп жатқан Үндістанға аттанды.

Ол 40 мыңнан астам адамға вакцина салуға қатысты, ауру 10 есеге азайды. Бірнеше жылдан соң Үндістанға тағы бір сапарында Хавкин Бомбей қаласының тұрғындарын вакциналауға қатысты. Мұнда вирустың қайта таралуынан адамдар қайтыс бола бастаған еді. Бұл қалада қазір Хавкин атындағы үлкен ғылыми-зерттеу институты бар. Оның негізін 19 ғасырдың соңында ғалымның өзі қалады. Институт кішкентай обаға қарсы зертханадан басталды. Ғалымның өмірі туралы танысдық мақала «Химия және өмір» журналында жарық көрді.

19 және 20 ғасырлардағы пандемия

Үшінші оба пандемиясы (19 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басы)

Үшінші оба пандемиясының басталу даталары әртүрлі: кейбір деректе бұл Қытайда 1855 жылы басталғаны айтылады, тағы басқа пікірге сүйенсек, 19 ғасырдың 90-шы жылдарын үшінші пандемияның бастауы деп санауға болады. Бұл пандемияның аяқталуына қатысты пікір де әртүрлі. Бір зерттеушілер оны бір ғасырға жуық созылды десе (20 ғасырдың 50-жылдарына дейін), енді бірі пандемияның бар болғаны 10 жылғасозылғанын айтады.

Алтыншы (1899 ж. — 1923 ж.) және жетінші (1962 – 1966) тырысқақ пандемиялары

Алтыншы пандемия Антарктидадан басқа барлық континентті қамтыды. Бұл кезінде аңызға айналған Кох анықтап, сипаттап кеткен классикалық тырысқақ вибрионымен емес, соған туыстас басқа бактериямен байланысты болды.

Жетіншісі Индонезиядан басталып, Эль Тор атауын штамм етіп алды. Пандемия Бангладешке 1963 жылы, Үндістанға  1964 жылы және КСРО-ға  1966 жылы жеткен.

«Испан тұмауы» (1918-1921 ж.ж.)

Ұмытпаймыз! Тарихтағы ірі пандемиялар мен індеттер

Адамзат тарихындағы ең ауқымды пандемия. Испан тұмауын 3 жыл ішінде жарты миллиардтан астам адам жұқтырды (планетадағы адам санының үштен бір бөлігі), ал өлім саны 100 миллионға дейін жеткен деп есептеледі (орташа есеп бойынша 20 миллионнан 40 миллионға дейін).

Алғашқы науқастар Америка құрама штаттарында 1918 жылы пайда болғанына қарамастан тұмау «испан тұмауы» деп аталды. Мұның себебін Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әскери цензура деп есептейді. Испания Еуропа елдері ішінде бұл ауруды алғаш болып пандемия деп жариялады, сөйтіп байқаусызда тұмауға атау берді.

Аурудың таралуына Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуға жақын қалғаны және елдер арасындағы көлік байланысының дамуы ықпал етті. Құрбан болғандардың көптігіне байланысты марқұмдарды жөн-жоралғысыз жаппай жиі көмген. Алдын алу шаралары болмай жағдай ушыға түсті – бактериялық аурулардың алдын алуға арналған вакциналар бұрыннан белгілі болғанына қарамастан вирус туралы білім ғылымға енді ғана ене бастады. 19 ғасырдың аяғында француз ғалымы Луи Пастер (вирустың әсерінен пайда болған) құтыру ауруына қарсы вакциналауды сәтті өткізгенімен 1918 жылға дейін тұмауға қарсы вакцина болған жоқ. Солайша тұмауға қарсы алғашқы вакциналар 20 ғасырдың 30-40 жылдарында ғана пайда болады. Вирустардың ашылу тарихын, мысалы «Танымал механика» материалынан оқуға болады.

Азия тұмауы (1957 жыл) мен Гонконг тұмауы (1968 жыл)

Азия тұмауы (1957 жыл) мен Гонконг тұмауы (1968 жыл) – 20 ғасырдағы тұмау пандемиялары. ДДСҰ деректері бойынша H2 вирусы 1957 жылы пайда болған. (A (H2N2), «Азия тұмауы» және H3 вирусы 1968 жылы пайда болды (A (H3N2), «Гонконг тұмауы») құстар арасында таралатын тұмау вирустарынан туындады. Азия тұмауы, шамамен 2 миллион, Гонконг тұмауы миллионға жуық адамның өмірін қиды. Бұл пандемия туралы толығырақ «Халықаралық Француз радиосындағы» сұхбаттан оқыңыз.

Ауыр, асқынған респиратор синдромы (SARS) – пандемия деп жарияланбаған індет (2002-2003 ж.ж.)

БАҚ-та бұл аурудың басқа атауы – термин аурудың толық класын білдірсе де синдром атипиялық пневмония деп таралды. Індет 2002 жылы Оңтүстік Қытайда басталды. Қоздырғыш – қазіргі коронавирустың туысы. Аурудың жарғанат пен адам арасындағы уақытша тасымалдаушысы цивит болған деп болжанады. 8 мыңнан астам адам жаңа вирусты жұқтырып, аурур 29 елде тіркелді. Өлім 10%-ке жетті – 774 адам қайтыс болды. Қабылданған шаралардың арқасында аурудың таралуы тоқтатылды. Ауру туралы мына материалдан толығырақ оқыңыз.

Шошқа тұмауы пандемиясы (2009-2010 ж.ж.)

Шошқа тұмауы пандемиясы (ол «мексикалық» емес пе?) 2009 жылдың наурыз айында басталды. Ауруды алғаш жұқтырғандар Мехико федералды округінде (Мексика) табылды. Ғалымдар шошқа тұмауының қоздырғышы испан тұмауының қоздырғышы сияқты H1N1 серотипіне ие екенін анықтады. 2009 жылы 11 маусымда ДДСҰ індетті пандемия деп жариялады. Пандемия кезінде 18 мыңнан астам адам шошқа тұмауынан қайтыс болды. Ауру туралы мына ДДСҰ жарияланымынын көбірек болуге болады.

Туберкулездің «ұйқыдағы» пандемиясы

Туберкулездің «ұйқыдағы» пандемиясы қазірдің өзінде өтіп жатыр және біздің оқырмандарымыздың көпшілігінде туғаннан бастап бірге жүреді. ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлем халқының үштен бірі туберкулез бактериясын жұқтырған. Ауру оны жұқтырған адамныі кейбірінде ғана дамиды, бірақ ДДСҰ кейінгі мәліметі бойынша (2018 жыл) әлемде туберкулезбен 10 миллион адам ауырған және бұл көрсеткіш кейінгі жылдары салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде қалып отыр.

Иммун жүйесі әлсіз адамдарда туберкулездің даму қаупі жоғары. АИТВ-сі бар адамда белсенді туберкулездің даму ықтималдығы, шамамен 26-31 есе жоғары.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz