Украиналық босқындармен сұхбаттасқан журналист ұсталды

Белгородта The Moscow Times журналисі Кирилл Пономарев ұсталды. Бұл туралы «Яблоко» мүшесі, “Антивоенный комитет Белгорода” Telegram арнасының авторы Илья Костюков хабарлады. Пономарев “тыңшылық жасады” деген күдікке ілінген.

Илья Костюковтың “Дождь” арнасына хабарлаған мәліметіне сүйенсек, Пономарев 16:40 шамасында ұсталып, №2 полиция бөліміне жеткізілді. Ол кезде журналист Украинадан келген босқындардан сұхбат алып, әңгімелесу барысында өзін украин журналисі ретінде таныстырған. Костюков Пономаревтің дәл осы сөзі полицейлердің ұстап әкетуіне себеп болды деп болжап отыр.

17 қыркүйектегі жағдай бойынша Пономаревтің жанына құқық қорғаушысын кіргізуге рұқсат бермеген.

Factcheck.kz