Украинадағы соғыс туралы фейк-видео түсірілген бе?

Желіде қолданушылар “Украинаға қатысты тағы бір қойылым” деп санаған жаңа видео пайда болды. Reuters фактчекерлері бейнежазбаның алғаш қайда және қалай түсірілгенін анықтады.

28 секундтық роликте қала алаңында тұрған камераның артында үш адам және мегафон жанында тағы бір адам көрсетіледі. Бұдан бөлек ондаған адам алаңның ар жағында пәрменді үнсіз күтіп тұрады. Бірнеше секундтан кейін бір адам мегафонға: «Кеттік, алға!» деп айғайлайды. Көпшілік үрейлі кейіппен камераға қарай жүгіреді.

https://twitter.com/jaccocharite/status/1579750861173329920?s=20&t=c_IKua6jp8iZh46sqKRerg

11 қазанда қолданушылардың бірі Twitter-де мынадай жазбамен видеоны бөлісті: «Украина продюсерлерінің наурыздағы фейк видеосы естеріңізде ме? Америкалық актер және режиссер Шон Пенн қаңтардың соңында Украинаға ұшып барып, онда бірнеше ай болған. Бұл фейк видеоның көбін оның түсірілім тобы түсірген» (мұнда).

Қате сипаттамамен жазылған басқа да видеоларды бірнеше жерден көруге болады (мұнда, мұнда және мұнда).

Алайда фактчекерлер видеоның YouTube-ке 2013 жылы жүктелгенін анықтады (bit.ly/3EEjs0q); архиві (archive.ph/wip/w9Trb).

YouTube-тағы видео «Жер планетасын басып алу, BTS құтқаруға жүгірді, Бирмингем» деп аталады.

Бұл видеоны 2013 жылы Youtube-қа жүктеген Ричард Вуд — 2019 жылы жарық көрген “Жерді басып алу” фильмінің режиссері Саймон Кокстың үшінші көмекшісі. Вуд Reuters агенттігіне бейнежазбаны өзі түсіргенін растады.

Біз бұл адамдарды айғай мен жүгіру сахнасы үшін арнайы шақыртқанбыз. Фильмде дәл осы жерге өзге ғаламшарлықтар келіп, қала орталығында лазер сәулесімен ата бастайды. Адамдар соққыдан буланып, жоқ боп кетеді. Өңдеу эффектілері кейін қосылады.

Ричард Вуд, видео авторы

Сонымен қатар желіде тарап жатқан бейнежазбаның көрінісі “Жер планетасын басып алу” фильмінің трейлеріндегі сахнамен (0,42 с) (bit.ly/3MukI87) бірдей. Ол Украинада емес, Бирмингемдегі Виктория алаңында түсірілген (archive.ph/wip/94Roi).

Factcheck.kz