Украина халқының 70%-і жеңіске жеткенге дейін соғысуды қалайды

Gallup жүргізген сауалнама украиналықтардың 70%-і Ресеймен соғысты жеңіске дейін жалғастырғысы келетінін көрсетті. Ал респонденттің 91%-і Ресей басып алған барлық Украина аумағын, оның ішінде Қырымды қайтаруы керек деп санайды. Бұл туралы “Голос Америки басылымы” хабарлады.

Сауалнама 2-11 қыркүйек аралығында Украинаның барлық аумағында жүргізілді. Бұл уақытта украин күштері қарымта шабуылдың нәтижесінде елдің шығысындағы аумақтарды өзіне қайтарып, жергілікті халықтың еңсесі көтерілген кез болған.

Украина қарулы күштері қазір Херсонға жақындады, бірақ Ресей Украинадағы азаматтық нысандар мен инфрақұрылымға бірқатар жойқын әуе шабуылын жасағандықтан, олардың аймақтағы ілгерілеуі баяулады.

Gallup сауалнама нәтижелері бойынша осы аптада жариялаған аналитикалық есептер топтамасының жетекшісі Р.Дж. Рейнхарттың айтуынша, Ресейдің бомбалауы қоғамдық пікірге қалай әсер еткенін болжау әлі ерте.

Бүгіннің өзінде ресейліктер алдағы қысты шынымен суық және қараңғы маусымға айналдыру үшін Украинадағы электростанцияларын көздеп отыр, Олар соның арқасында украин халқы күрестен бас тартады және қалай болғанда да “орыстар жеңеді” немесе “украиналықтар жеңіледі” деген шешім шығарады деп үміттенеді. Бірақ мұның басқа жағы да бар. Бұл оларды (украиналықтарды) бұдан да жанкешті ліке итермелеуі мүмкін.

Р.Дж. Рейнхарт, әлеуметтанушы

Сонымен бірге сауалнама нәтижесі бойынша, соғыс жеңіске дейін жалғасуын көбіне ұрыс аумағынан алыс тұратындар қалайды.

Әскери қимылдардың жалғасуын көбіне Киев (83%), елдің батыс (82%), орталық (78%) және солтүстік (75%) аймақтарындағылар қолдайды. Шығыста (56%) және оңтүстікте (58%) әлдеқайда аз.

Gallup
Factcheck.kz