Әлеуметтік желіде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі украин ұлтшылдарының көшбасшысы Степан Бандераны Украина православ шіркеуі (укр. Православна церква України — ПЦУ) “әулиелер қатарына қосқаны” туралы мәлімет тарады. Ақпаратты Reuters агенттігінің фактчекерлері тексеріп көрді.
Украин фашистік шіркеуі Степан Бандераны әулиелер қатарына қосты. Тіпті хорват ревизионистеріне мұндай құрмет берілмеді. Әрине, Серб православие шіркеуінде бірнеше күмәнді канонизациялар бар, бірақ олардың ешқайсысы дәл осындай фашистік емес.
Әлеуметтік желіде тараған ақпараттың бірі
Ukrainian church has canonized Stepan Bandera. He is a saint nazi from now on. #ukraine #crisis pic.twitter.com/Nv8ruAMx7R
— Bonanza Media (@bonanzamedia2) June 21, 2022
Жазбаға қосымша ретінде “мәлімдемені растайтын ПЦУ құжаты” жарияланған. Оған сай, “Бандераны әулиелер қатарына қосу” туралы шешімді епископтар кеңесі 20 маусымда қабылдаған.
Алайда Украина православие шіркеуінің Киев митрополисі Бандераның канонизациясы мен оны растайтын құжаттың фейк екенін мәлімдеді.
Шіркеу өкілі Reuters агенттігіне желіде тараған ақпараттың «мүлдем шындыққа жанаспайтынын және абсурд екенін» хабарлаған. «Мұндай жарлық шын мәнінде жоқ және ешқашан болған емес […] Тіпті оның жазылуы да, мазмұны да фейк екенін көрсетіп тұр» деді ол агенттікке.
Шіркеу өкілінің хабарынша, ПЦУ-дың соңғы епископтар кеңесі 2022 жылдың 20 маусымында емес, 24 мамырында өткен. Сонымен қатар, ол Бандераның грек болғандықтан, ПЦУ әулиелер қатарына қосылуы мүмкін емес екенін айтты.
Бұдан бөлек, ПЦУ сайтында да желіде тараған ақпаратты растайтын құжат жарияланбаған.
Қорытындылай келе, Reuters фактчекерлерінің дерегіне сәйкес, Бандераның канонизациясы туралы мәлімдеме шындыққа жанаспайды.