Украина Ресей азаматтарына виза режимін енгізді

Украина билігі 1 шілдеден бастап Ресей азаматтарына виза режимін енгізді. Украина Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, ресейліктер виза алу үшін Ресейдегі VFS Global виза орталығының біріне жүгіне алады. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Алайда, виза Ресей азаматының Украинаға өтеуіне кепілдік бермейді. Соңғы шешімді бақылау-өткізу пунктіндегі шекарашылар қабылдайды.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский ұлттық қауіпсіздікке бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін осындай шешім қабылданғанын айтқан.

Контекст

  • Ресей мен Украина арасындағы визасыз режим Қырым аннексияланған соң және Донбаста әскери қақтығыс басталғаннан кейін де болған. Ресейліктерге Украинада алты айда бір рет 90 күнге дейін болуына рұқсат етілген еді.
  • Сонымен қатар, шекарада мұқият тексеруден өткен соң елге өте алған. 2014 жылдан кейін Украинаға келетін Ресей азаматтарының саны азайған еді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz