Украина орыс тіліне тыйым салды ма?

Қазақстандық медиакеңістікте 2020 жылдың 2 желтоқсанында «Украина дүкендері мен кітапханаларында орысша сөйлеуге тыйым салынды» деген ақпарат тарай бастады, оны «Turkystan.kz» интернет-басылымы мен «KzNews.kz» ақпарат агенттігі таратты. Қазақстандық БАҚ украиналық «Интерфакс» ақпарат агенттігінің мәтінін негізге алған. Ал «Интерфакс» жаңалықты бірінші болып таратқан мемлекеттік тілді қорғау өкілеттілігі бар Тарас Кременьнің сөзіне сілтеме жасаған. Ол 2020 жылдың  желтоқсанында өзінің Facebook-парақшасына «2021 жылдың 6 қаңтарынан бастап тұтынушыларға қызмет көрсету тілі – украин тілі» деген ақпарат жариялаған. Шынында енді білім алу мен қызмет көрсету тек украин тілінде жүзеге аса ма, әлде тақырыпты манипуляциялау ма, бірге тексерейік.

Ары қарай қазақстандық «Turkystan.kz» интернет-басылымының мақаласын талдаймыз.

Цитата: «Украинада 2021 жылдың 16 қаңтарынан бастап қызмет көрсету саласы толығымен украин тіліне көшуі тиіс. Клиенттердің өтініші бойынша ғана өзге тілдерде қызмет көрсетуге рұқсат берілмек. Бұл туралы мемлекеттік тілді қорғау жөніндегі уәкілетті өкіл Тарас Кремень мәлімдеді, деп хабарлайды «Интерфакс».

Үкім: Шындық және Манипуляция

Біріншіден, расында Украинаның Жоғары Радасы 2019 жылы 25 сәуірде «Украин тілін мемлекеттік тіл ретінде қолдану туралы» заң жобасын қабылдады. Ол жарияланғаннан кейін екі айдан соң күшіне енеді. Алғаш рет ол 2019 жылдың 16 мамырында «Голос Украины» мемлекеттік басылымында жарияланып, ЗУ ресми мәлімдеді, демек Заң 2019 жылдың 16 шілдесінде күшіне енді.

Осы заңның «Тұтынушыларға қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік тіл» туралы 30-бабына сәйкес Заң күшіне енгеннен кейін он сегіз айдан соң, яғни 2021 жылдың 6 қаңтарында күшіне енеді. Сол себепті месседж – шындық. Бірақ «Қызмет көрсету саласы толығымен украин тіліне көшу керек» деген ақпарат манипуляцияға жатады, себебі 30-бапқа сәйкес:

  • 2-тармақ: Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, жеке тұлғалар – кәсіпкерлер, тұтынушыларға қызмет көрсететін басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер (осы баптың үшінші бөлігінде – «мемлекеттік тілді білуге және оны қызметтік міндетті атқару кезінде қолдануға міндетті адамдар», 9-бабында белгіленген жағдайлардан басқа) қызмет көрсетуді жүзеге асырады және тауарлар (көрсетілетін қызметтер) туралы, оның ішінде интернет-дүкендер мен интернет-каталогтар арқылы мемлекеттік тілде ақпарат ұсынады. Ақпарат мемлекеттік тілден басқа тілдерде қайталануы мүмкін.
  • 6-тармақ: Украинада барлық меншік түріндегі өндірушілер (орындаушылар, сатушылар) тұтынушыларға өнімдер (тауарлар), жұмыс немесе қызмет туралы мемлекеттік тілде ақпарат береді. Алайда, мұндай ақпарат кез келген басқа тілде қайталануы мүмкін.

Сонымен, 30-баптың 3-тармағы «Клиенттің өтініші бойынша оның жеке қызмет көрсетуі тараптар үшін қолайлы басқа тілде де жүзеге асырылуы мүмкін» деген сөз басқа тілді қолдануға болатынын дәлелдейтін жалғыз тармақ емес.

30-баптың 2-тармағы және 6-тармағында қызмет көрсету және тауарлар (көрсетілетін қызметтер), жұмыс туралы ақпарат беру мемлекеттік тілде жүзеге асырылады және басқа тілдерде қайталануы мүмкін делінген.

Цитата: 2020 жылдың наурызында Украина президенті Владимир Зеленский «Толық орта білім туралы» заңға қол қойған болатын. Құжат бойынша 1 қыркүйектен бастап елдегі барлық орыстілді мектептердің жұмысы тоқтатылды. Орыстілді отбасылардың балаларын 5-сыныптан бастап пәндердің 80 пайызын украин тілінде игеруі тиіс. Орыс тілінде оқыту бағдарламаларын жүргізуге тыйым салынды.

Үкім: Шындық

Украинаның «Орта білім туралы» заңына шынында 2020 жылдың 13 наурызында қол қойылды. Бұл заңның 5-бабы, 6-тармағы бойынша, Украинаның басқа ұлттық азшылықтарына жататын, тілдері Еуропалық Одақтың ресми тілдері емес студенттер (мысалы, орыс тілі) мемлекеттік, коммуналдық немесе корпоративті оқу орындарында мемлекеттік тілде базалық және мамандандырылған орта білім алады және оқу уақытының жылдық көлемінің 80%-ынан кем болмауы керек.

Жоғарыда аталған Білім беру саласындағы мемлекеттік тіл туралы заңның 21-бабында «оқу орындарында білім беру бағдарламасына сәйкес бір немесе бірнеше пән екі немесе одан да көп тілде – мемлекеттік тілде, ағылшын тілінде, Еуропалық Одақтың басқа да ресми тілдерінде оқытылуы мүмкін» деп көрсетілген. ЕО-ның ресми сайтына сәйкес, орыс тілі ЕО-ның ресми тілдерінің қатарына жатпайды, сондықтан Украина заңнамасына сәйкес орыс тілі білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға болатын тілдердің қатарына енбейді.

Заңның қорытынды 21-бабына сәйкес «Украинаның байырғы халықтарына, ұлттық азшылықтарына жататын және жалпы орта білім алуды 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тиісті жергілікті халықтың немесе Украинаның тиісті ұлттық азшылығының тілінде бастаған адамдар осы Заң күшіне енгенге дейін болған ережелерге сәйкес 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін украин тілінде оқытылатын оқу пәндерінің санын біртіндеп арттыра отырып, осындай білім алуды жалғастырады».

«Елде 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап орыстілді мектептер жойылатыны» туралы меседж – шындық.

Цитата: «Украин тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес, украин тілі мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, оқу орындары, ауруханалар мен қызмет көрсету салалары үшін міндетті» .

Үкім: Шындық және Манипуляция

«Украин тілі мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, оқу орындары, ауруханалар үшін міндетті болғаны» туралы меседж – шындық. Жоғарыда аталған заң мен оның 9-бабына сәйкес, осы қызметтерге сайлануға немесе тағайындауға үміткер тұлғалар мемлекеттік тілді білуі керек және оны қызметтік міндеттерін орындау кезінде пайдалану керек.

«Қызмет көрсету саласында украин тілін пайдалану міндеттеледі» деген меседжге келер болсақ, бұл – манипуляция. Себебі осы заңның 30-бабына сәйкес «мемлекеттік тілдегі ақпарат меншік нысанына қарамастан тұтынушыларға қызмет көрсету кезінде басқа тілдерде қайталануы мүмкін» деп көрсетілген.

Қорытынды

Мақалада келтірілген деректер шындыққа негізделген: күн өткен сайын Украинада орыс тілінің аясы тарылып жатыр. Десе де, мақалада өздеріңіз байқағандай бірнеше жайт тысқары қалған, тақырыбы – кликбейт және шындықты бұрмалайды.

Материал Еуразиялық фактчекинг және медиасауат желісінің жұмысы аясында дайындалды.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz