Twitter жаңа ақылы қызметін сынақтан өткізіп жатыр

Twitter микроблог сервисі аудио бөлмеге (spaces) кіруге мүмкіндік беретін Super follows және Ticketed Spaces қызметін сынақтан өткізіп жатыр. Желі қолданушылар аудио бөлмеге кіру үшін билет сатып алу қажет. Бұл туралы 1prime.ru сайты хабарлады.

Сіз бүгіннен бастап Super Follows және Ticketed Spaces қызметін бірінші болып қолдана аласыз.

Компания мәлімдемесі

Қолданушылар аудио бөлмеге кіру құнын өздері қоя алады. Компанияның хабарлауынша, 1 доллардан 999 долларға дейін баға қоюға рұқсат етілген. Сонымен қатар, аудио бөлмеге 5 адамнан 100 адамға дейін кіре алатыны жазылған.

Компания мәлімдемесінде жаңа функциядан түскен табыстың 97%-ы пайдаланушыға тиесілі екені жазылған. Егер табысының жалпы сомасы 50 мың доллардан асса Twitter-дің үлесі 20%-ға дейін артады.

Бұған дейін бұл қызметті 18 жасқа толған 10 мың жазылушысы бар Twitter пайдаланушыларына қол жетімді екені хабарланған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz