Twitter жалған ақпаратқа шағымдану мүмкіндігін іске қосады

Twitter жалған ақпарат туралы қолдау қызметіне шағымдану мүмкіндігін іске қосады. Алайда бұл экспериментке барлық елдің қолданушысы қатыса алмайды. Бұл туралы 3dnews.ru сайты хабарлады.

Желі әкімшілігі ақпарат бұрмаланған жағдайда “сіздің ойыңызша қалай болуы керек” деген принцип бойынша ескерту жасауға шақырады. Яғни, ақпараттың сапасы туралы баға беруіңіз қажет.

Twitter қолданушылары шағым жасау үшін “постқа шағымдану” батырмасын басып, “бұл жаңылыстырады” деген сілтемеге өтеді.

Желінің ресми өкілдерінің айтуынша, бұл эксперимент дезинформацияға қарсы жұмыстың жылдамдығын және ауқымын жақсарту үшін маңызды.

Контекст

  • Биыл наурызда Twitter вакцинаның зияны туралы ақпарат тарататын желі қолданушыларына қарсы шара қолдануды бастады. Осыған байланысты 11,5 млн аккаунтқа репрессия шарасын қолданып, 8000-нан астам хабарламаны жойған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz