Twitter Украина туралы бұрмаланған ақпараттарды өшірді

Twitter желісінің қоғамдық саясат жөніндегі вице-президенті Шинейд МакСуини (Sinéad McSweeney) компания Украинадағы соғыс туралы бұрмаланған ақпараттарға қандай шара қолданғанын айтты. Бұл туралы Twitter-дің ресми блогында хабарланды.

Ресей-Украина соғысы бастағалы Twitter 50 мыңға жуық шындыққа жанаспайтын жазбаға шара қолданған. МакСуини сөзінше, Twitter кейбір жазбаны “сенімсіз ақпарат” деп белгілеген, ал кейбірін біржола өшірген. Бұдан бөлек, манипуляция белгілері бар жазба жариялаған 75 мың аккаунт өшірілген.

Twitter Ресей мен Украина қолданушыларына тіркелмеген парақшалардың жазбасын көрсетуді тоқтатты. Оның орнына цифрлық қауіпсіздік бойынша ағылшын, украин және орыс тілінде нұсқаулықтар көрсетіледі.

Контекст 

Әлеуметтік желіде актер Леонардо ДиКаприо Украинаға көмек ретінде 10 млн доллар бергені туралы хабарлама тарады. Reuters сайтының жазуынша, мұндай ақпараттың нақты дәлелі жоқ.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz