Twitter: түрлі елдің үкіметінен журналистердің постын бұғаттау туралы өтініш көбейді

Twitter компаниясы 2020 жылдың екінші жартысында әртүрлі елдің үкіметінен журналистер жариялаған посттарды бұғаттау туралы өтініші артқанын хабарлады. Бұл туралы РИА Новости сайты хабарлады.

Компания 2020 жылдың екінші жартысында БАҚ қызметкеріне немесе басылымға тиесілі 199 аккаунтқа қатысты 361 бұғаттау туралы сауал алған. Компания жариялаған мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 26% артты.

Мұндай сұраудың ең көбі Үндістан (128 сұрау), Түркия (108), Пәкістан (52) және Ресей (28) органдарынан түскен.

Компания барлық сұраудың нәтижесі бойынша журналистердің бес постын өшірген. Жалпы 2020 жылы Twitter компаниясына 80 мыңнан астам пост өшіру туралы сұрау түскен.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz