Twitter тарихындағы алғашқы пост шамамен 3 миллион долларға сатылды

Twitter негізін қалаушы Джек Дорси жазған желідегі алғашқы хабарлама NFT токені ретінде онлайн-аукционда шамамен 2,9 миллион долларға сатылды. Бұл туралы Twitter желісінің аукцион парақшасында хабарланды.

Джек Дорси былтыр желтоқсанда әлеуметтік желідегі 2006 жылы жарияланған «жай ғана Twitter-ді жөндеп жатырмын» деген жазбаны сатуға бел буған. Алайда ақпанға дейін көпшіліктің назарын аудармай келді. Бірақ Дорси 5 наурызда Twitter-де твит сатылатын Valuables онлайн-аукционына сілтеме жариялағаннан кейін бағасы тез өсті.

Алғашқы постты sinaEstvani атты желі қолданушысы сатып алды. Оның парақшасында Малайзиядан екені және блокчейн саласында жұмыс істейтін компанияны басқаратыны жазылған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz