Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың жазасы өзгермек

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты екінші рет жасағандарды қамау мерзімі 20-25 күнге ұзарады. Сонымен бірге агрессорға ескерту берудің орнына көше сыпыру, жол жөндеу, аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмысына тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Азаттық Радиосы ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа сілтеп хабарлады.

Марат Ахметжанов бұл өзгерістер тәртіп бұзушылардың жазасын күшейту шарасы екенін айтты. Министрдің мәлімдеуінше, қылмыскерді қоғамдық жұмысқа тарту оның өз әрекетіне жауапты болуға ықпал етеді.

Бұл әкімшілік құқық бұзу бойынша кем дегенде бес күнге қамап, тәртіп бұзу қайталанса 20-25 күнге қамау жазасын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұған қоса тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша шағым жазу формасынан анықтау формасына көшпекпіз.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов

Айта кетейік, бұрын елде әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекс бойынша зәбір көрсеткен адам 10 айлық есептік көрсеткіш (AEK) айыппұл төлейтін не 10 күнге қамауға алынатын. 2017 жылдан бастап жаза өзгеріп, енді тек ескерту және 10 күнге бас бостандығынан айырылатын болған. 

Ал 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандардың жазасын күшейтуді тапсырды. 

Factcheck.kz