Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң отбасы құқығын бұза ма?

Материал алынған жаңа деректерге байланысты 2020 жылдың 22 қазанында жаңартылды. Жаңарту мен өзгерту ережелері бойынша түзетулер енгізілді. Соңғы тексеру пунктінің үкімі “Жалған және манипуляциядан” “Манипулцияға” өзгертілді. Оқырмандардан және пікір авторынан кешірім сұраймыз.

Материалды кешіктіріп жариялағанымыз үшін оқырмандарымыздан кешірім сұраймыз.

Жақында “Қорғау HR” қоғамдық қоры Парламент мәжілісі қыркүйек айының соңында қабылдаған Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң жобасын сынаған хабарлама тарата бастады. Хабарлама мазмұнына қарағанда қор бұл заң жобасы қамқоршы органдарына отбасын қорғауға емес, отбасы істеріне араласуға мүмкіндік беру арқылы баланың және оның ата-анасының құқығын бұзады деп есептейді.

Оқырмандарымыздың көптеген өтініші бойынша хабарлама мазмұнындағы пікірлерді тексеретін болып шештік. Карусельдегі суреттерді емес, посттың мәтінін тексеріп жатқанымызды бірден ескертеміз. Бұл суреттердің манипулятивті екені онсыз да белгілі, бірақ нақты тексеру үшін тым түсініксіз.

Алдын ала қорытынды

Барлық мәлімдеме я жалған, я манипулятивті екенін бірден айтып кетейік. Заңдардың дұрыс түсіндірілмеуі және хабарлама авторының мүлдем орынсыз болжамдары жалған ақпараттың әбден былыққан қоспасын тудырады. Өкінішке қарай, кейбіреулер бұған сенеді. Бұрын “Қорғау HR” қоғамдық қоры денсаулық сақтау коды туралы ауызша хабарлама құруға қатысқан еді. Біз оны талдауға бір ай арнадық (мәтін тұжырымдамасы мен дизайнындағы ұқсастық оңай байқалады). Осы тәжірибеге сүйене отырып, бұл ұйымның мәлімдемелеріне үлкен күмәнмен қарау керек деп санаймыз.

Пікір: Ата-ана баласының денесін көгертпей ауыртқаны үшін, мысалы, шапалақпен ұрса, 2 778 000 теңгеге дейін АЙЫППҰЛ төлейді немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылады!!

Үкім: Манипуляция

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңының 109-бабын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізу ұсынылды. Ол бап бойынша дене жарақатын салған, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмейтін басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және әдейі кәмелетке толмағандарға қарсы 1000 АЕК-ге дейінгі айыппұлмен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен немесе 500 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеумен немесе сондай мерзімде бас бостандығынан айыруға үкім шығарылады. Дегенмен бұл ата-анаға “шапалағы” үшін айыппұл салынады немесе түрмеге жабылады дегенді білдірмейді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша “денсаулыққа жеңіл зиян” келтіру адам денсаулығына зиян келтіру деп саналады, нәтижесінде денсаулықтың қысқамерзімді бұзылуы (21 тәуліктен аспайтын мерзімге) немесе жалпы еңбек қабілетін шамалы тұрақты жоғалту (оннан бірінен аз) болады.

Баптың мәні сол, ұрып-соғу мен зорлық-зомбылық әрекеттері денсаулыққа жеңіл зиян келтірсе де жазалануы керек, өйткені олар кез келген жағдайда дене ауырсынуын тудырады. Денсаулыққа жеңіл зиян келмеу дегеніміз денеде көгерген жердің болмауын білдірмейді. Әдетте, көгеру – бұл балаға қатысты зорлық-зомбылықты анықтауға көмектесетін белгілердің бірі. Солай бола тұра, дененің еш жерінің көгермегені зорлық-зомбылықтың болмағанын білдірмейді. Сондықтан қордың “балаларының денесін көгертпестен ренжіткен” ата-аналарға алаңдауы түсініксіз.

Бұл пікірдің құрылымы сондай біртүрлі. Одан балалардың денесін ауыртқанда оларда із қалмаса, бұл қалыпты жағдай дегендей тұжырымға келуге болады. Авторлар олай ойламайды деп үміттенеміз.

Пікір: Баласына зорлық көрсеткені туралы “НЕГІЗДІ ЖОРАМАЛ” (яғни, БОЛЖАМ!) болса, ата-ананың екеуін де балаларына бірлескен қамқорлық жасаудан айыруы мүмкін.

Үкім: Манипуляция

Ең әуелі, “Ата-ананың екеуін де балаларға бірлескен қамқорлық көрсетуден айыруы мүмкін” деген фраза қисынға келмейді. Бірлескен қамқорлық көрсету ата-ананың екеуінің де болуын болжайды. Ал бірлескен қамқорлық көрсетуден айыру туралы сөз болғанда бұл ата-ананың екеуінің де емес, тек біреуін балаларға қамқор болудан айыруды білдіреді. Мұндай жағдайда Заң жобасының 39-бабы, 6-бөлімінде былай делінеді: “ата-анасының бірінің кәмелетке толмаған баласына тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету туралы негізді жорамал болса, ата-аналардың кәмелетке толмаған адамға бірлесіп қамқор болуына жол берілмейді”.

Мысал: әкесі кәмелетке толмаған баласына зорлық-зомбылық жасайды делік. Бұл жағдайда ата-ананың баласын бірлескен қамқорлыққа алу құқығынан айырылуы дегеніміз әкесі баланың өміріне қатыса алмайды дегенді меңзейді, ал анасы қатыса алады. 

Айта кетейік, “негізді жорамал” деген “болжам” емес. Негізді жорамал зорлық-зомбылық белгілерінің кез келген дәлеліне, фактілерге және талдауға сүйенеді.

Пікір: Кез келген “алаяқ” адам, мысалы бір отабасыдан жылап жатқан сәбидің дауысын естіп, сол отбасыны “ұстап алуы” мүмкін. Полиця қызметкерлері бір көріп-ақ “зорлық” немесе “зорлық жасаумен қорқыту” “біліп қояды. “Зардап шегушінің” ойы ескерілмейді. Полиция қызметкері “жорамал зорлықшы” отбасын 30 күн көре алмайтыны туралы алдын ала бұйрық шығаруға құқы бар. Оған қоса, “зорлықшыны” мәжбүрлі түрде психатриялық ауруханада! емдете алады. Бұл “зорлықшының” жағдайын жақсарту үшін керек, ал психиатрлық ауруханада псих.диагнозсыз емдеуге болмайды…

Үкім: Манипуляция және жалған

Әңгіме отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған азаматтар бұл туралы отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес функциялары жүктелген органдарға хабарлауға құқылы делінген 23 баптың 3-бөлімі туралы айтып отырған болуымыз мүмкін. Бірақ бұл – айтарлықтай қалыпты тәжірибе, тіпті азаматтардың міндеті. Бәлкім бізде ғана ондай адамды “тоқылдақ” деп атайды. Авторлардың мұндай сөзді “алаяқ” ретінде қолдануын осы нәрсе түсіндіреді.

Заң жобасының ешбір жерінде азаматтар жай ғана жылаған баланы есту арқылы зорлық-зомбылық туралы хабарлауға болады деп айтылмаған. Бұл – зорлық-зомбылық белгілері көру арқылы анықталады және жәбірленушінің пікірі ескерілмейді деген авторлардың жорамалдары ғана.

Полиция қызметкері жәбірленушінің пікірін ескере отырып, зорлық-зомбылық жасаған адамға 30 күн мерзімге бұйрық шығаруға құқылы. Хабарлама авторларының бұған не себепті ашуланғаны түсініксіз, өйткені бұл – әкімшілік немесе қылмыстық қамауға алу үшін негіз болмаған жағдайда зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қолданылатын шара. Қорғау бұйрығы отбасының күйреуін білдірмейді, біршама мерзім өткеннен кейін жәбірленуші мен қылмыскердің бітімге келуіне мүмкіндігі бар.

Зорлықшыларға қатысты медицина сипатындағы мәжбүрлі шаралар бұл, шын мәнінде, керек кезде қолданылады. Бұл шешімді сот қабылдайды. Сот шешімі, өз кезегінде, басқалармен қатар, психиатрлардың үкіміне негізделген.

Үкім: Манипуляция

Пікір: “ЖЫНЫСТЫҚ БОСТАНДЫҚҚА” қол сұғу да зорлық-зомбылық болып саналады! Яғни, кәмелетке толмаған бала жынысын ауыстырғысы келетінін айтты, бірақ ата-анасы қарсы, бұл балаға жасалған зорлық-зомбылық па?

Заң жобасы жыныстық зорлық-зомбылық деп адамның жыныстық қол сұғу немесе жыныстық бостандығына нұқсан келтіретін және кәмелетке толмағандарға қатысты сексуал сипаттағы әрекеттерді заңсыз әрекет ретінде анықтайды. Сексуал еркіндік, ереже бойынша, өз бетінше және мәжбүрсіз жыныстық серіктестерді және интим қарым-қатынас формасын таңдау құқығы ретінде анықталады. Жынысты ауыстыру құқығы туралы айтылмайды. Оның үстіне, бұл термин балаларға емес, ересектерге қатысты қолданылады.

Қалай болғанда да, жаңа денсаулық сақтау кодексі бойынша жыныстық сәйкестігі бұзылған 21 жасқа толған адамдар жынысын ауыстыруға құқылы. Сондықтан, бала жынысын өзгерткісі келсе , оны ата-анасының рұқсаты қажет болмаған кезде, ересек шағында ғана жасай алады. Бұл жағдайда пікір авторларының сұрағы мағынасын жоғалтады.

Біз трансгендерлікке ауысу тақырыбын бұрын денсаулық кодексінде қарастырған едік. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Пікір: Отбасында балалардың денесіне кез келген ауырлық түсіруге тыйым салынады. Көтенінен шапалақпен тартып жібергені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін, оның ішінде қылмыстық және отбасынан шығару мүмкіндігі қатер төндіреді.

Үкім: Жалған

“Көтенінен шапалақпен тартып жібергені” үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту және отбасынан шығару қаупі жоқ. Заң жобасында көтеннен тартып жібергені үшін жаза қарастырылмаған. Жоғарыда ҚР Қылмыстық кодексінің 109-бабында айтылғандарды жаздық.

Осы жерде айта кететін жайт, біз отбасында да, одан тыс жерлерде де балаларды жазалауға тыйым салынуы керек деген пікірдеміз.

Пікір: Мына міндеттерді орындамағаны үшін ата-аналар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін:

12 жасқа дейінгі баланы қараусыз қалдыруға болмайды. Бала өздігінен мектептен қайтып, нанға бара алмай ма?

Ата-аналар порнография, зорлық-зомбылық, экстремизм мен терроризм туралы материалдарды қарауға, оқуға немесе таратуға жол бермеуі керек. Ал сабақ кезінде ZOOM арқылы көрсетілген порно туралы не деуге болады? Демек, мемлекет Қазақстан аумағында интернет-ресурстарды бұғаттамайды, ал ата-аналар оны қандай да бір жолмен бұғаттауы керек пе!?

Балалардың ұйымның ішкі тәртібі мен білім беру ұйымының Жарғысында белгіленген талаптарды орындауын қамтамасыз ету. Ал кейде сабаққа кешігіп қалсақ, баланы балалар үйіне дайындай аламыз ба?

Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді орындау.

Үкім (2020 жылдың 22 қазанында өзгертілді): Манипуляция

Материал алынған жаңа деректерге байланысты және Factcheck.kz сайтындағы жарияланымдарға толықтырулар мен жаңатулар енгізу ережелері бойынша 2020 жылдың 22 қазанында жаңартылды. 

Мақаланың алғашқы нұсқасында біз пікір авторы келтірген ережелер (цитатада қара қалың шрифтімен жазылған) ешқандай заң арқылы реттелмейтінімен аяқтаған едік, өйткені олар қолданыстағы заңдардан және Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасынан табылмады. Бұл ережелер Парламент Мәжілісі жұмыс тобының “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне бала құқықтарын қорғау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу” заң жобасы бойынша жұмыс жөніндегі құжатынан алынған болып шықты. Нұсқау берген оқырмандарға алғыс білдіреміз.

Осы құжат бойынша “Қазақстан Республикасындағы баланың құқытары туралы” заңының 24-бабы 1-тармағын ата-аналардың бала тәрбиесіндегі міндеттеріне қатысты 10 тармақшамен толықтыруды ұсынады, олардың арасында жоғарыда аталған ережелер бар:

  • 3-тармақша: 12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдырмау (соның ішінде көшеде, үйде, транспорт салонында), 14 жасқа толмаған балаларды жаппай шомылатын жерлерде;
  • 7-тармақша: балаларының электрон және қағаз түрінде порнографияны, зорлық-зомбылықты, экстремизм мен терроризмді қамтитын материалдарды көруіне, оқуына және таратуына жол бермеу;
  • 9-тармақша: балаларының Білім беру ұйымының ішкі ережелерінің және Білім беру ұйымының жарғысы белгіленген талаптарды орындауын қамтамасыз ету.

Осы деректерге байланысты біз үкімді “Манипуляцияға” өзгертеміз

Манипуляция пікір авторларының ақпаратты ұсынуында болып тұр. Пікірде бұл ережелердің кез келгенін бұзу бірден ата-аналарды осы құқынан айыратындай жазылған, бұл шындыққа жанаспайды. Мұндай тұжырым хабарламаны оқығандарды адастырады. Қазіргі уақытта бұл заң жобасы әлі жұмыс тобының қаралу сатысында тұрғанын айтып өту де маңызды. Осыдан кейін ол Мәжілісте кем дегенде екі оқылымда қаралады, онда ол тағы да өзгеріске ұшырауы мүмкін. Мәжіліс мақұлдар болса, ол Сенаттың қарауына жіберіледі.

Біздің ойымызша, қазіргі уақытта, баптың кей тармақшасында шынында да қайшылық бар.  

Төменде материалдың 2020 жылдың 7 қазанындағы мәтіні берілген.

Бұл пікірді әңгіме ендігі заң туралы емес, сондықтан мұқиятырақ болыңыз.

Ретімен:

12 жасқа дейінгі балаларды үйде қараусыз қалдыруға тыйым салу туралы даулы ұсынысты 2018 жылы Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева ұсынды. Ұсыныс қарама-қайшылықты болғандықтан қолдау таппады. Сондықтан мұндай тыйым жоқ.

Ата-аналардың баласының порнографияға, зорлық-зомбылыққа, экстремизм мен терроризмге қатысты материалдарды көруіне, оқуына және таратуына жол бермеу – бұл ұсыныс, өйткені мұны ешқандай заң қадағаламайды, сондықтан ата-ана құқығынан айыру туралы әңгіме жоқ. ZOOM платформасындағы оқиғаның мысалы мұнда орынсыз қолданылған. Өйткені бұл үшін ешкім ата-ана құқығынан айырылған жоқ, ал платформаның өзі порнография материалыны таратушыларға жатпайды. Бұл оқиғада адам факторы роль атқарды. Мұндай логикаға сүйенсек, мемлекет барлық әлеуметтік желіні бұғаттауы керек, өйткені онда эротика және порнография материалдары әлдеқайда көп.

Ата-аналар, әдетте, баласының мектебінің ішкі ережелері мен білім беру ұйымдарының жарғыларын сақтауын қамтамасыз етеді. Бұл әрқашан солай болған. Бірақ баласы сабаққа кешігіп келгені үшін ешкім де ата-ана құқығынан айырмайды.

Қорытынды

  • “Қорғау-HR” ҚҚ-ның хабарламасы негізсіз паранойяға толы жалған және манипуляциялық мәлімдемелерден тұрады. Мәтінге сүйенсек, қор мүшелері балаларды физикалық жазалау практикасын қолдайды және мұндай тәжірибенің өркениетті әлемде айыпталғанын жақтырмайды.
  • Бізді көптеген ата-ана осындай хабарламаларға еріп кете ме деген нәрсе алаңдатады. Ақпаратты қалай тексергенімізді түсіну үшін Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасының мәтінімен танысуға шақырамыз. Файлды мына жерден жүктей аласыз. Оған қоса, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын жүктеуге болады. Ата-аналар мен балалардың құқығы мен міндетімен танысу үшін “Неке және отбасы туралы” кодексті оқуға кеңес береміз.
  • Соңында хабарлама авторлары көрсетуге тырысқанындай ата-ана құқығынан айыру күнделікті мәселе емес екенін түсінуіңіз керек. Ол үшін салмақты себептер, мәлімдемелер мен дәлелдер қажет. Қалыпты ата-ананы ешқашан балаға деген құқықтан айырмайды.
  • Отбасылық зорлық-зомбылықтың Қазақстандағы күрделі проблема екенін және карантин кезінде күшейе түскенін түсіну де маңызды.
  • Жақында заң жобасын қабылдаған мәжілістегі депутаттардың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы мәлімдемелерін тексердік. Мақаланы мына жерден оқи аласыз.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz