Тұрмыстық зорлық-зомбылық | шенеуніктер не дейді?

23 қыркүйекте ҚР Мәжілісінің кеңейтілген пленар отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық қолдану тәжірибесін өзгертуге бағытталған заңнамалық бастамалар белсенді түрде талқыланды. Мәжілісмендер мәселені шешуде бюрократияны азайтатын тәсілдерді, соның ішінде полиция қызметкерлеріне қорғау бұйрығын өз бетінше жазу құқығын беруді қолдайды. Бұл болашақта жиі кездесетін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны (мүмкін туыстарының және агрессордың қысымымен) өзін қорғайтын осы механизмнен бас тарту жағдайын жою үшін керек. Талқылау барысында спикерлер бізді қызықтырған бірқатар цифр мен факт жариялады.

Алдын ала қорытынды: Көп тезисті үкімсіз қалдырдық, өйткені ашық дереккөздегі мәліметтер әртүрлі (мақалада қолда бер дерек пен кестелер бар). Полицияның мәліметінше, елде отбасылық-тұрмыстық салада заңға қайшы әрекеттер көбейген, бірақ өтініштің басым көпшілігі негізінде жазалау болмайды. Әкімшілік айыптаулар бойынша да. Оған қоса, отбасылық зорлық-зомбылық жағдайларының едәуір бөлігі тұрақты түрде болады. Әйелдер қарым-қатынасты қалпына келтіру үмітімен және/немесе қорқыныштан қорғану құқығынан бас тартады.

Мәлімдеме: 2020 жылғы 4,5 айда 47 мың отбасылық зорлық-зомбылық тіркелсе, оның тек 8 мыңы соттың қарауына жіберілді.

Нұрлан Нығматуллин, Мәжіліс спикері

Үкім: Үкім жоқ және техникалық қате

Тіркелген құқықбұзушылықтарға қатысты жалпыға қолжетімді ақпарат көзі, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпарат қызметі күнделікті тұрмыстағы барлық тіркелген құқықбұзушылық туралы ақпарат бермейді.

Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тек қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы ақпарат енгізілген. Үйдегі жанжалқойлар мен тирандарға қатысты арыздың басым көпшілігінде олар әкімшілік жауапкершілікке (қылмыстық емес) тартылады. Оған қоса, тұрмыстық зорлық-зомбылық дегеніміз – жәбірленушілер полицияға әрдайым жүгіне бермейтін, ал құқық қорғау органдарына жүгіну әрдайым сотпен және қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікпен аяқталмайтын іс. Оның ішінде жәбірленушінің (көбінесе жәбірленуші) өтініш беруден бас тартуына байланысты да осындай жағдай болады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев маусым айында отбасылық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен 10 адамның екеуі ғана полицияға баруға келісетінін ресми түрде мәлімдеді. Осылайша, полицияға жүгіну ары қарай сот процесіне апарса, онда Нұрлан Нығматуллин отбасылық зорлық-зомбылық фактілері мен қаралған істер санының, шамамен дұрыс қатынасын көрсетті.

Дегенмен біз бірмағыналы үкім шығара алмаймыз.

Есепке қатысты жағдай

Статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аталған қызметі ұсынған ақпараты бойынша (қызмет тек қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат береді – Ред.),  2020 жылдың алғашқы 5 айында отбасылық-тұрмыстық салада 418 құқықбұзушылық тіркелген (!). Оның 401-і – құқықбұзушылық, 17-сі теріс қылық. Олардың 48-і (99-бап бойынша кісі өлтіру) және 7 (кісі өлтіруге дайындалу, 157 – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106-бап), 155 – денсаулыққа қасақана орташа ауыр зиян келтіру (107-бап), 0 – азаптау (110-бап), 1 – құмарлық жағдайында денсаулыққа зиян келтіру (111-бап), 5 – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106-бап), 14 – қоқан-лоқы (115-бап), 3 – зорлау (120-бап). , 9 – сексуалды сипаттағы зорлық әрекеті (121-бап).

Оған қоса, Ішкі істер министрлігінің 2020 жылы тамыз айының басында жариялаған ресми ақпараты бойынша (2020 жылдың алғашқы 4,5 айында емес, мүмкін сол уақытта өткен мерзімде болуы мүмкін – Ред.) полиция отбасы агрессорларына қатысты 43 мыңнан астам қорғау бұйырғын жазды. Ұрып-соққаны үшін 3,5 мың қазақстандық жауапқа тартылды.

Анықтама үшін: 2017 жылы “Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру” және “Ұрып-соғу” баптарының мазмұны ҚР Қылмыстық кодекстен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске ауыстырылды. Соған сәйкес жазалау шарасы да өзгерді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-тармағы бойынша денсаулықтың қысқамерзімді бұзылуына немесе жалпы еңбекке жарамдықтың ұдайы жоғалуына әкеп соқтыратын денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

Қорғау бұйрығы (құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын талаптардың тізімі) жәбірленушінің пікірін ескере отырып жасалады. Қазақстан Республикасының “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы” Заңының 20-бабының 3-тармағы бойынша қорғаныс бұйрығына сәйкес, жәбірленушінің, соның ішінде кәмелетке толмағандарға және (немесе) еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері еркіне қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, іздеуге, ізіне түсуге, қонаққа баруға, ауызша, телефонмен сөйлесуге және онымен басқа жолдармен байланысуға тыйым салынады… 5-тармақ: Қорғау бұйрығы мерзімі осы құжат тұлғаға берілгеннен күннен бастап 30 тәулікке жарамды…

Ішкі істер органы қорғау бұйрығы берілген тұлғаны профилактикалық есепке алады, солайша оған аптасына кеміне бір рет тексерілетін профилактикалық бақылау жүргізіледі. Қорғау бұйырығын бұзған адамға ескерту беріледі немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімде қамауға алынады.

Жоғарыдағыдан мынадай екі қорытынды жасауға болады.

  • Құқықбұзушылардың басым көпшілігіне әкімшілік шаралар қолданылған (мысалы, әкімшілік қамауға алу немесе айыппұл салу). Мұны ҚР Ішкі істер министрінің орынбасарының өзі  мәжілісмендердің сұрақтарына жауап бере отырып, жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Мәжілісінің кеңейтілген плнеар отырысында растады (Төменнен қараңыз).
  • Қолданыстағы нормалар бойынша қорғау бұйрығы, былайша айтқанда, жәбірленушінің пікірін ескере отырып шығарылғандықтан, мұндай бұйрықтардың саны тағы да жалпы жағдайды ішінара көрсетеді. Өйткені жәбірленушілер оларды қорғаудың осындай (оңай) шараларын әрдайым талап ете бермейді.

Анықтама үшін: 2019 жылы сотқа тек 727 отбасылық зорлық-зомбылық туралы іс түскен.

Шын мәніндегі жағдай

Дағдарыс орталықтары одағының жетекшісі Зульфия Байсақованың айтуынша, зорлық-зомбылықтың қандай да бір түрі әрбір сегізінші қазақстандық отбасында бар. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті дайындаған “Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы үлгі зерттеу” мынадай сауалнама деректерін ұсынады: серіктесі болған немесе қазір серіктесі бар 18-75 жас аралығындағы әйелдердің 17%-і интим серіктесінен физикалық және/немесе сексуал зорлық көрген. Бұған дейін серігі болған 18-75 жас аралығындағы әйелдердің 21% -і серіктесінен психологиялық зорлық көргенін, ал 7% -і экономикалық зорлыққа ұшырағанын хабарлады. Зерттеуге республиканың бүкіл аймағынан барлығы 14 342 әйел қатысты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық | шенеуніктер не дейді?
Дереккөз: “Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы зерттеу”

Мәлімдеме: Осы жылдың 5 айында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуі, бұған дейін айтылғандай, 25% болды.

Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

Белгілі болғандай, Мәжілісте айтылған цифрларды бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі жариялаған. Маусым айында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халықпен есеп беру кездесуі кезінде былай деді: “Отбасы-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтардың саны 25% өсті. Төтенше жағдай кезеңінде азаматтардың оқшаулануына байланысты, зорлық-зомбылық құрбандарының дағдарыс орталықтарының сенім телефондарына қоңырау шалу саны артты”. Біз бұған дейін көктемгі карантин кезінде күнделікті өмірде қылмыстық құқықбұзушылықтың саны артқанын жаздық.

Мәлімдеме: Осы жылдың 8 айында бізге отбасылық зорлық-зомбылық негізінде 130 мыңға жуық шағым түсті. Нәтижесінде 2,5 мың іс бойынша қылмыстық іс қозғалды, 30 мыңға жуығы – әкімшілік іс. Қалғаны арыздар бойынша… жәбірленушілер бас тартты, біз ешқандай шара қолдана алмадық.

Алексей Калайчиди, Ішкі істер министрінің орынбасары

Үкім: Үкім жоқ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша (комитет тек қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы ақпарат беретінін тағы бір рет айтайық), 2020 жылдың 8 айында ғана отбасылық-тұрмыстық салада 656 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Дегенмен министрдің орынбасары айтып отырған отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 2500 қылмыстық істің ҚР Мемлекеттік кәсіпорнының статистикасына енбеуі таңғалдырады. Күнделікті өмірдегі қылмысты есептеуге және жіктеуге байланысты ішкі статистикалық коллизиялар (заңға сәйкес бұл құқықбұзушылықтар қылмыстық құқықбұзушылық белгілері болған жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады), оған қоса, әкімшілік полицияның ресурсында статистикалық мәліметтердің жоқ екені Алексей Калайчидидің сөзін растауға немесе теріске шығаруға мүмкіндік бермейді.

Мәлімдеме: Негізгі алты бап бойынша әкімшілік құқықбұзушылық фактілері негізінде 34 мың шағым түсті, олар бойынша адамдар жауапқа тартылды. Бірақ … тек 2560-іне (өтінішке) қатысты сот қылмыскердің мінез-құлқына ерекше талаптар қойды, яғни мұнда әлі де айтарлықтай әлеует бар.

Алексей Калайчиди, Ішкі істер министрінің орынбасары

Үкім: Үкім жоқ

Жоғарыда айтылған себептер бойынша біз Алексей Калайчиди айтқан цифрларды растай да, теріске шығара да алмаймыз. “Негізгі алты бапқа” келер болсақ, спикер ​​73-бап “Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер”, 73-1-бап “Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру”, 73-2-бап “Ұрып-соғу” арқылы реттелетін құқықбұзушылықтарды айтып тұрғаны анық.

Министрдің орынбасары жариялаған ерекше талаптар “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы” Заңның 22-бабымен реттеледі. Атап айтқанда, 3-тармақ бойынша құқықбұзушыға мына нәрселер тыйым салынуы мүмкін:

1) жәбірленушінің, соның ішінде кәмелетке толмағандарға және (немесе) еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері еркіне қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, іздеуге, ізіне түсуге, қонаққа баруға, ауызша, телефонмен сөйлесуге және онымен басқа жолдармен байланысуға тыйым салынады;
2) атыс қаруын және қарудың басқа түрлерін алуға, сақтауға, алып жүруге және қолдануға …

Алексей Калайчиди әкімшілік баптар бойынша полицияға түскен 34 мың арыз бен 2 560 сот шешімі айтқанда мәліметтерді сәл егжей-тегжейлі көрсете отырып, алдыңғы мәлімдемеде айтқанды қайталаса керек. Иә, арыздар мен сот шешімдері саны арасындағы осындай алшақтық кезінде құқық қорғау органдары үшін іс-әрекеттің үлкен өрісі қалады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық | шенеуніктер не дейді?

Мәлімдеме: Заң жобасын талқылаған кезде бізде отбасылық зорлық-зомбылық қаупі бар отбасылармен тікелей жұмыс істейтін адамдардың бағалауы бойынша келіп түскен өтініштердің шамамен 80% -і “анда-санда” немесе “бірінші рет” түскені туралы мәлімет алдық.

Қалған 20%-інде (отбасына қатысты) тұрмыстық зорлық-зомбылық жүйелі түрде болады.

Ирина Унжакова, Мәжіліс депутаты

Үкім: Үкім жоқ

ARASHA тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана директоры, “Қазақстандағы тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты” қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаеваның айтуынша, бұл қатынас іс жүзінде шындыққа сәйкес келеді. Кейбір әйел бірнеше жыл бойы бәрі жақсы болады деп үміттеніп, осындай жағдайды бастан кешірді. Дегенмен оның әріптесі Зульфия Байсақова (Қазақстанның дағдарыстық орталықтар одағының жетекшісі) біздің ресурсқа берген түсініктемесінде мұндай қатынас туралы ақпарат беретін есептеулер Қазақстанда жүргізілмейтінін мәлімдеді.

Статистика комитетінің жоғарыда аталған 2017 жылғы Қазақстан әйелдеріне жүргізген сауалнамасы негізіндегі зерттеу “интим серіктестімен қарым-қатынаста зорлық-зомбылық көрген әйелдердің 57% -і оны кейінгі 12 айда жиі бастан кешіргендерін көрсеткен.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық | шенеуніктер не дейді?

Анықтама үшін: Маргарита Өскембаеваның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың қазіргідей арыз беру және анықтау деген екі тәсілі бар. Арыз беру тәсілі арыздың өзі үш тараптың – жәбірленушінің, құқық бұзушының және полиция өкілінің қолын талап етеді. Дегенмен жәбірленуші өте көп жағдайда қорғау бұйрығынан бас тартады. Әйелдер мұны қарым-қатынасты қалпына келтіруге деген үміттен ғана емес, сонымен қатар кейбір жағдайда агрессордан және оның туыстарынан қорыққандықтан істейді. Солайша, соңында үйдегі тиран жазасыз қалады. Анықтау тәсілі құқық бұзудың алдын алуды көздейді. Оған қоса, арыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа куә болған көрші немесе дағдарыс орталығы қызметкері сияқты бөтен азаматтардан да түсуі мүмкін.

Зульфия Байсақова атқандай, әйелдердің үйдегі тиран туралы билікке есеп бермеуінің басқа себептерінің қатарында экономикалық тәуелділік пен балаларға деген сүйіспеншілік бар.

Ескерту: 2020 жылы Қазақстанда отбасы мен тұрмыс саласына қатысты бірқатар жантүршігерлік қылмыс болды.

Қорытынды

  • Полиция айтқан ақпаратқа бойынша, 2020 жылдың алғашқы 5 айында елімізде отбасылық-тұрмыстық салада заңға қайшы әрекеттер көбейді.
  • Арыздың басым көпшілігі үйдегі тиранды немесе қатыгезді қандай да бір жазаға тартуға жеткізілмейді. Тіпті әкімшілік айыптаулар бойынша да солай.
  • Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың айтарлықтай бөлігі тұрақты түрде болады. Әйелдер қарым-қатынасты қалпына келтіру үмітімен және/немесе агрессордан немесе оның туыстарынан қорқып, қорғану құқығынан бас тартады.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz