Тоқаевтың ШЫҰ-да сөзіне фактчек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қыркүйекте Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының басшыларының кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Отырыста сөз алған Тоқаев ұйымның ең табысты бірлестікке айналғанын айтып, ШЫҰ-ға қатысты дерек келтірген.

Factcheck.kz президент мәлімдемелері қаншалықты рас екенін тексерді.

Мәлімдеме: Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үлесі әлемдік жалпы ішкі өнімнің шамамен төрттен бірін құрайды, яғни 23 триллион доллардан асады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

Халықаралық валюта қорының ақпаратына сай, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің (Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) 2022 жылғы жалпы ішкі өнімі 25 трлн АҚШ долларынан асқан, ал әлемдік көрсеткіш 103 трлн доллар.

Ескерту! Иранның ШЫҰ-на мүше болу мақсатындағы міндеттері туралы Меморандумға қол Самарқандта өткен саммитте қойылғанына байланысты ол мүше мемлекет ретінде қарастырылмады.

Мәлімдеме: ШЫҰ мемлекеттері — әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші әрі экспорттаушы елдер.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Манипуляция

Ауыл шаруашылығы өнімдерін (АШӨ) әлемдегі ең ірі өндірушілері мен экспорттаушылары қатарында Шанхай ынтымақтастық ұйымының қатарына кіретін бірнеше ел ғана бар, олардың өзі түрлі позицияда орналасқан. Барлық ШЫҰ елдері туралы айту қате.

АШӨ негізгі түрлерін экспорттаушы ең ірі 10 ел қатарында түрлі позицияда Ресейді (екі өнім түрі бойынша), Үндістанды (екі өнім түрі бойынша), Қытайды (үш өнім түрі бойынша) және Қазақстанды (бір өнім түрі бойынша), Өзбекстанды (бір өнім түрі бойынша) кездестіруге болады.

2020 жылғы ақпаратқа сай, дәнді-дақыл өндірісінің көрсеткіші бойынша ШЫҰ-дағы 3 ел ғана алғашқы ондыққа кіреді, олар Қытай, Үндістан және Ресей.

Ет өндірісінің көлемінің көрсеткішіне сәйкес, 2020 жылы ШЫҰ-ның жоғарыда жазған 3 елі ғана алғашқы ондықта бар.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz