The Village Kazakhstan редакциясына шабуыл жасалғаны хабарланды

1 қыркүйекте The Village Kazakhstan редакциясына белгісіз біреулер резонанс тудырған материалды өшіруді талап етіп, шабуыл жасады. Бұл туралы Vlast.kz сайты The Village Kazakhstan редакциясының ресми хабарламасына сілтеп хабарлады.

The Village Kazakhstan хабарлауынша, журналистерге әртүрлі мекемеден екенін айтып бірнеше адам хабарласқан. Бұдан бөлек, редакцияға белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Сонымен қатар, мақаланы өшіруді талап еткен.

«Біз тәуелсіз журналистерге қысым жасауды тоқтатуды талап етеміз. Біз жарияланған материалды өшірмейміз», – делінген The Village Kazakhstan хабарламасында.

Контекст

  • Журналист Әсем Жапишеваның материалында осыдан үш жыл бұрын Абай ауылында ұл балаға жасалған зорлық-зомбылықтан кейін отбасының жағдайы қалай болғаны жайлы жазылған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz