Террорлық актілерге қатысты материалды жүктейтін сайт іске қосылғаны хабарланды

Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz сайтын іске қосты.

Бұл сайтта азаматтар биыл қаңтарда болған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы видео, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.

Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдерді жинау мен тіркеуді, сонымен қатар, қылмыскерлерді видео бойынша сәйкестендіруді жүргізіп жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz