Темірлан Еңсебекке қатысты тергеу ісі тоқтады

14 қыркүйекте полиция блогер, азаматтық белсенді Темірлан Еңсебекке қатысты «көрінеу жалған ақпарат тарату» ісі бойынша тергеуді тоқтатты. Бұл туралы Amnesty International халықаралық құқыққорғау ұйымы хабарлады.

2021 жылғы сәуірде Темірлан Еңсебек Instagram желісінде Qaznews24 деп аталатын сатиралық парақша ашқан. Онда ол Қазақстан билігін келемеждеген. Бір айдан кейін оның үстінен фейк-ақпарат таратуға қатысты тергеу ісі басталған.

Темірланның құқығын қорғауға «Еркіндік қанаты» қоғамдық қоры қолдау көрсетті. Ал Amnesty International халықаралық ұйымы оны «Хаттар марафонының» қаһарманы ретінде таныды.

Factcheck.kz