Телеграмдағы жаңа бот email мен таралып кеткен деректерді салыстырады

Tjournal хабарлауынша телеграмда MailSearchBot атты жаңа бот пайда болды. Бұл боттың көмегімен электрондық пошта мекенжайыңыз ашық дерекқорлардың бірінде тұрғанын немесе тұрмағанын тексере аласыз.

Ол үшін сіз ботқа жеке хатта электронды пошта адресін жіберуіңіз керек және ол дерекқорлардың біреуінде болған жағдайда поштаның «жарияланған» құпиясөздердің тізімін жібереді. Жауап бірден келеді.

Боттың авторы Батыржан Тютеев TJ-ға берген сұхбатында боттың деректер базасында логин мен құпиясөз парағында 9 миллиардқа жуық жазбалар бар екенін және 3 миллиардтан астамы кезекте тұрғанын айтты.

Factcheck.kz