Тelegram Қазақстан билігінің «заңсыз» контент туралы мәлімдемесін терістеді

Telegram мессенжерінің өкілдері Қазақстан билігімен «заңсыз» контентті жою жөнінде уәделеспеген. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Telegram Қазақстан үкіметімен ешқандай келісім жасасқан жоқ. Кез келген қолданушы Telegram қосымшасын пайдалана алады. Telegram-ды пайдалану шарттарын бұзатын контент жойылады.

Telegram-ның ресми өкілі Реми Вон.

Бұған дейін Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан билігінің Telegram, TikTok және өзге де халықаралық платформалармен «заңсыз контентті жою жөнінде» келісімге келгені хабарланған.

Контекст

  • Қазақстанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне әлеуметтік желі немесе мессенджер қызметін шектеу құқығын берілді. Бұл өзгеріс халық арасында «Сарым-Закиева» түзетуі деп танылған заң жобасынан кейін қабылданды. Сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері заң жобасы былтыр ұсынылған кезден бастап «билік кибербуллиңді сылтау етіп, өзіне ұнамсыз контентті өшіреді» деп алаңдады.
  • 22 шілдедегі Қазақстан үкіметінің енгізген түзетуіне сәйкес, Ақпарат және қоғамдық даму министрілігі «үкіметтік емес ұйымдарды терроризмді қаржыландыру фактісі бойынша» тексере алады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz