Тәліптер Кандагарда әйел құқығын таптайтын баннер ілді

Тәліп басшылығы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) Кандагарда “хиджаб кимеген әйелдерді жануармен салыстырған” баннер ілді. Бұл туралы ToloNews сайтында хабарланды.

Тәліптер Кандагарда әйел құқығын таптайтын баннер ілді
Кандагарда ілінген баннер | Дереккөз: Tolonews

ToloNews хабарынша, баннерді “Ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігі” дайындаған.

ToloNews ақпаратына сай, плакат ауған қоғамында үлкен дау тудырған. Көптеген жергілікті тұрғын баннерге наразылық танытты. Бұған жауап ретінде Кандагар билігі плакат “адам құқығын таптамайтынын”, ал хиджабтың “мұсылман әйелдер үшін абырой” екенін мәлімдеген.

Бұған дейін Тәліп басшылығы ауған әйел тележүргізушілеріне эфир кезінде бетін жабуды бұйырды.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz