Тәліптер DW журналисінің туысын өлтірді

«Тәліп қозғалысы» Deutsche Welle арнасының ауған бюросына жауапты редакторлардың бірін іздеп жатыр. Тәліптер журналисті іздеу барысында жақын туысын өлтірген. Бұл туралы арнаның ресми сайтында хабарланды.

DW сайтының жазуынша, қазіргі уақытта DW қызметкері Германияда. Ал «Тәліп қозғалысы» оның қайда екенін білмеген. Журналисті іздеу барысында жақын туысын өлтіріп, сонымен қатар, тағы бір отбасы мүшесі жарақаттаған.

“Біздің редакторларымыздың бірінің жақын туысын өлтіру – трагедия. Бұл Ауғанстандағы барлық қызметкеріміз бен олардың отбасына қандай қауіп төніп тұрғанын көрсетеді”, – деді арна директоры Петер Лимбург.

Петер Лимбург Германия билігін адамдарды құтқару үшін тез және батыл әрекет етуге шақырды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz