Сот «Уральская неделя» бас редакторына полицияға бағынбағаны үшін айыппұл салды

Сот «Уральская неделя» газетінің бас редакторына “полиция қызметкерінің айтқанына бағынбады” деген айыппен 50 500 тенге айыппұл салды. Газеттің хабарлауынша отырыс Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  өтті. 

Сот Ботагөз Нұрмағамбетова журналистке 20 АЕК (50 500 теңге) көлемінде айыппұл салды. Лұқпан Ахмедьяровты 12 маусымда Оралдың орталық алаңында тұтқындады.  

Полицияның айтуы бойынша журналист полиция департаментінің қызметкерлерінің айтқанын орындамаған. Соттан соң:

«Сот шешімімен мүлдем келіспеймін. Прокурор мен сот полицияның заң бұзушылықтарына көз жұмып отыр. Бұл жағдайда ең маңыздысы полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабына сәйкес журналистің кәсіби қызметін орындауға кедергі жасады. Маусымның 12-сі күні әріптестерімді және мені тұтқындаған полияция жайлы ойым осы. Полицияға бағынбағаным жайлы хаттама үш күннен соң менің қатысуымсыз толтырылды. Хаттамамен 17 маусым күні таңертен таныстым. Сол себепті, мұның бәрін заңбұзушылық деп ойлаймын» деп мәлімдеді Ахмедьяров. 

Журналист қайта шағым түсіруге ниетті.

Полиция «Уральская неделя» газетінің журналистерін маусымның 12-сі күні Орал қаласының орталық алаңында өткен бейбіт митингі кезінде бөлімшеге жеткізді. Келесі күні журналист фейсбук парақшасында:

«Мұны «ұстау» деп емес, «жеткізу» деп ашық айтты. Ұстау бойынша хаттама толтырудан бас тартты, алайда толтыруға мәжбүрледім» деп жазды.

Factcheck.kz