Фактчек | Соңғы 3 жылда өндірістік жарақаттану өсуде

18 желтоқсандағы Парламент мәжілісінің пленарлы отырысында сөз сөйлеген депутат Серік Құсайынов Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Бидайбекұлына сұрақ қою барысында мынадай факт келтірді:

Соңғы үш жылда өндірістік жарақаттану тек өсуде, 2016 жылы 2034, 2017 жылы 2045 және 2018 жылы 2160 оқиға тіркелген….

Серік Құсайынов, депутат

Үкім: Шындық, бірақ….

ҚР Статистика комитетінің мәліметтері бойынша соңғы үш жылда өндірістік жарақаттану расымен өскен: 2016 жылы – 2034, 2017 жылы – 2045 және 2018 жылы – 2160 оқиға тіркелген. Үш жылдағы өсім – 126 оқиға.

Депутат Серік Құсайыновтың неге дәл соңғы үш жылды алғаны бізге белгісіз. Алайда, оның алдындағы жылдарға қарайтын болсақ өндірістік жарақаттанудың өспегенін, керісінше төмендегенін байқаймыз. Соңғы 10 жылдағы нәтиже мынадай:

Соңғы 10 жылда жұмыс барысында қайтыс болған адамдардың жалпы саны – 2578. Өлім-жітім саны әр жылда әрқалай, дегенмен 10 жылда едәуір азайған.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz