Шындық | Жол инфрақұрылымының сапасы бойынша Қазақстан 93-орында

26 қарашада Сенат төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров пен сенаторлар – Рысқали Әбдікеров, Сергей Ершов еліміздегі автожолдардың сапасына қатысты Премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Сауалда көрсетілген мәлімдемелерді тексеріп көреміз.

Шындық | Жол инфрақұрылымының сапасы бойынша Қазақстан 93-орында

Үздік және нашар жолдары бар елдер рейтингісінде 2019 жылы Қазақстан 100-ден 43,2 балл жинап, 141 елдің ішінде 93-орынға тоқтады.

Үкім: Шындық

Дүниежүзілік экономикалық форум 2019 жылы “Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингін” ұсынды. Расымен, Қазақстан жол инфрақұрылымының сапасы бойынша 93-орында. Дәл осы салада үздік орындаушы ретінде Сингапур тұр.

Шындық | Жол инфрақұрылымының сапасы бойынша Қазақстан 93-орында

Ал, мәселен, көршілес елдер – Тәжікстан бізден жоғары 50-орында, Әзірбайжан – тіпті  27-орында.

Сенат төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров және сенаторлар – Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов

Үкім: Шындық

Өзге елдердің көрсеткішін де сенаторлар жаңылмай айтқан. “Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісінде 2019 жылғы жол инфрақұрылымының сапасы бойынша Тәжікстан 50-орында, Әзірбайжан 27-орында.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі қалай анықталады?

Рейтинг әртүрлі экономикалық жағдайдағы қабілетті айқындайды. Негізінен 12 фактор бойынша анықталады.

  • Институттардың сапасы
  • Инфрақұрылым жағдайды
  • IT және заманауи коммуникациялардың енуі
  • Макроэкономикалық тұрақтылық
  • Тұтыну нарығы
  • Еңбек нарығы
  • Қаржылық жүйе
  • Ішкі нарық көлемі
  • Денсаулық
  • Білім мен біліктілік
  • Бизнестің даму динамикасы
  • Инновацялық қабілет

Жалпы рейтингте Қазақстан нешінші орында?

Рейтингке 141 мемлекет қатысқан. Қазақстан 2018 жылға қарағанда 4 саты көтеріліп, 55-орында тұр. Бірінші орында Сингапур, екінші-үшінші орынды АҚШ пен Гонконг бөліскен. Посткеңестік елдер арасында Ресей – 43, Әзербайжан – 58, Украина – 85, Қырғызстан – 96-орында.

Шындық | Жол инфрақұрылымының сапасы бойынша Қазақстан 93-орында

Қазақстандағы компания басшыларына жүргізген сауалнама нәтижесінде, елдің бәсекеге қабілеттілігін тежейтін ең проблемалық факторлар – полицияның сенімсіздігі, сот жүйесінің жеткіліксіз тәуелсіздігі, сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі, жолдардың сапасыздығы, күрделі тарифтер, ШОБ қаржыландыруға қол жеткізу проблемалары, сондай-ақ жеткіліксіз білімді жұмыс күші және кәсіптік білім беру деңгейінің төмендігін көрсеткен.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz