ШЫНДЫҚ | Қазақстаннан білімділер кетіп жатыр

Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде, ауызекі әңгімеде талқыға түсіп жүрген Қазақстаннан білімділердің кетіп жатқаны жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келеді.

Қазақстаннан білімділер соңғы он жыл бойына кетіп жатыр деуге болады. Елден дипломы бар, нарыққа қажетті мамандық иелері кетіп жатса, келіп жатқандардың көпшілігі кәсіби біліктілігі төмен мамандар.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2003 жылдан 2015 жылға дейінгі сыртқы миграция көрсеткішінің білім деңгейіне қатысты деректері де осыны растайды.

 

*по данным комитета статистики МНЭ РК

Өкінішке қарай, Қазақстанға тұру үшін келетін жоғары білімді азаматтардың саны жылдан-жылға азайып бара жатыр. Жоғары білімді мигранттардың ең көп келген уақыты 2008 жыл, ал осы жылы елімізден 11 965 адам кеткен.

Орта есеппен жылына 9 263 жоғары білімді адам кетсе, 5 603 адам келген. Көрсетілген мерзімде толықтай жағымсыз сальдо байқалады.

Тек 2006 жылы ғана жағдай сәл жағымды болған, осы жылы көші-қон сальдосы жақсы нәтиже көрсеткен. Атап айтқанда, Қазақстаннан 7 338 адам кетсе, академиялық дәрежесі бар 7 369 адам келген екен.

 

*по данным комитета статистики МНЭ РК

Орта кәсіптік білімі бар азаматтарға қатысты жағдай да осыған ұқсас: орта есеппен алғанда, келетіндерге қарағанда кететіндер көп. Жылына 10 391 адам кетіп, 7 974 адам келген. 2005, 2006 және 2010 жылдары жағымды тенденция байқалғанымен, 2011 жылдан бастап көші-қон сальдосы қайтадан құлдыраған. 2015 жылғы көрсеткіш 4 662 адам болған.

 

*по данным комитета статистики МНЭ РК

Елге келетіндердің арасында орта білім алғаны жөніндегі аттестатпен ғана келетіндер көп, жылына Қазақстанға тек қана орта білімі бар 17 500 адам келеді, ал елден кететіндердің көрсеткіші – 9 822 адам.
12 жыл бойы бұлардың арасындағы айырмашылық тұрақты болып келеді, алайда келушілер саны азайған. 2005 жылы 29 601 адам келсе, 2015 жылы 6 164 адам келген.

*по данным комитета статистики МНЭ РК

Осы көрсетілген мерзім ішінде келушілер мен кетушілер арасында орта мектепті бітіре алмағандардың көрсеткіші де шамамен ұқсас: жыл сайын орта есеппен Қазақстанда орта білімі жөніндегі аттестаты жоқ 3 915 адам келсе, 3 553 адам кетеді. Алайда, 2014-2015 жылдары 2003-2004 жылдардағы жағдай қайталанып, кетушілер келушілерден көп болған.

*по данным комитета статистики МНЭ РК

Тікелей білімділердің кету мәселесіне оралсақ, жағдай қуантарлық емес. Әсіресе, техника саласындағы жағдай алаңдауға тұрарлық: 2008 жылы елімізден техника саласының 6 845 маманы кетсе, 2015 жылы олардың саны 4 860 адам болған.

Мемлекет үшін маңызды медицина, педагогика, ауыл шаруашылығы, архитектура және құрылыс салаларындағы көрініс те айтарлықтай мәз емес, мұнда 12 жыл бойына көші-қон сальдосы жағымсыз сипатқа ие (екі жылды қоспағанда).

2006 жылы елімізге келген медицина, педагогика, сәулет-құрылыс және ауыл шаруашылығы салалары мамандарының саны осы салаларда қызмет еткен, бірақ Қазақстаннан кеткен азаматтардан асып түскен. 2010 жылы да жағдай шамалас болған, тек қызмет ету аясы тарылған.

Ал басқа жылдары көші-қон сальдосы үнемі жағымсыз сипатқа ие болған.

12 жыл бойынша Қазақстандағы сыртқы миграция нәтижесі (2003 – 2015 жылдар)

  • Жоғары білімді 120 417 адам кетіп, 72 484 адам келген (жағымсыз сальдо: -47 933);
  • Орта-кәсіптік біліммен 134 908 адам кетіп, 103 004 адам келген (жағымсыз сальдо: -31 904);
  • Орта және аяқталмаған орта біліммен 179 276 адам кетіп, 273 692 адам келген (жағымды сальдо: 94 416).

Аударған Жұлдыз Әбділда

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz