Шындық | Камерунда холерадан 12 адам көз жұмды

Соңғы уақытта әлеуметті желі мен бірқатар БАҚ-та Камерунда холерадан 12 адам көз жұмғаны туралы хабар тарап жатыр. Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Камерунның оңтүстігіндегі балықшылар тұратын Лонжи ауылында холераның тарауынан 12 адам көз жұмды. Індетке күдікті болған 83 адамның 62-де холера расталған.

Тараған ақпарат

Үкім: Шындық

Нигерия Дауысы” халықаралық ресми станциясының хабарлауынша Криби курорт қалашығынан 15 шақырым қашықта орналасқан Лонжи ауылында холераның тарау фактісі расталған. Мұны сол аймақтың басшылары мен ресми өкілдері хабарлаған. 12 адам көз жұмып, күдікті болған 83 адамның 62-де ауру табылған.

Айта кететін жайт, холера Камерун халқына таңсық емес. Себебі бұған дейін де бірнеше рет бұл инфекция елдің әр аймағында тіркеліп тұрған. Мысалы, биылғы жылдың 29 маусымы мен 5 шілдесі аралығындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) апталық есебінде індет Камерунның негізгі төрт аймағында тарап жатқаны туралы жазылған. Ол аймақтар: елдің жағалау бөлігі, орталығы, оңтүстігі мен оңтүстік-батысы.

Камерун халқының арасында холера тарауы тоқтар емес. 2020 жылдың 18 маусымындағы жағдай бойынша жалпы есеппен 647 жағдай тіркеліп, 34-і өліммен аяқталды. Өлім коэфиценті 5,3%. Елдің жағалау аймағы ең көп зардап шеккен боп саналады.

ДДСҰ

ДДСҰ сонымен қатар Камерунның COVID-19-дан айналасындағы басқа елдерге қарағанда әлдеқайда көп зардап шеккенін, холераның коронавируспен қабаттасуы жағдайды ушықтырып отырғанын және қос індет тарап жатқан жерде интернеттің нашарлығы мен ақпараттың аздығы вирусқа қарсы жұмысты қиындатқанын да жазған.

Контекст: Холера туралы негізгі фактілер

  • Холера өткір диарея ауруы. Егер көмек дер кезінде көрсетілмесе науқас бірнеше сағат ішінде өліп кетуі мүмкін.
  • Зерттеушілердің айтуынша жылына 1,3-тен 4 млн-ға дейін адам холера ауруын жұқтырып, одан көз жұматындар саны 21 000 мен 143 000 адам аралығында.
  • Инфекция жұқтырғандардың көбінде ауру белгілері байқалмайды немесе жеңіл түрде өтеді. Ауру ауыз қуысына арналған регидратация ерітінділерімен сәтті емделеді.
  • Ауыр жағдайда тамыр ішілік инфузия мен антибиотиктер арқылы тез арада емдеу қажет.
  • Жеке бас санитария құралдары мен қауіпсіз су холерамен күресте өте маңызды.
  • Холераға қарсы ауыз қуысына салынатын екпе инфекция тарау мүмкіндігі жоғары аймақтардың су құбыры және санитария жағдайларымен қатар қолға алынуы керек.
  • Холераның әсерінен қайтыс болатындардың санын 90%-ке азайту үшін 2017 жылы глобалды стратегия бекітілген.

Деректер ДДСҰ сайтынан алынды.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz