Шындық | Данияда тұрғындарға теріс пайыздық мөлшерлемемен ипотека беріле бастады

Тамыз айында Қазақстандық блокчейн және криптовалюта бірлестігінің басшысы Есет Бутин өзінің фейсбук-парақшасында «Новости мира»-ға сілтеме бере отырып, Даниялық Juske bank 10 жылға теріс пайыздық мөлшерлемемен (-0,5 %) несие беруді анонстады және Данияда жылдық мөлшерлемесі 0%-бен 20 жылға ипотека беруді бастады деген хабарламаны жариялады. Қазақстандық ақпараттық сегментте бұл жаңалық танымал болмаса да, Foxbusiness, The Guardian, USA today, Fortune және басқа да әлемдік БАҚ жаңалықты таратып жіберді. Сонымен, тексереміз.

Шындық | Данияда тұрғындарға теріс пайыздық мөлшерлемемен ипотека беріле бастады

Барлығы болмаса да, жоғарыда аты аталған медиалардың көпшілігі Bloomberg агенттігіне сілтеме береді, онда былай делінген:

«…даттық ипотека облигация нарығының (495 млрд USD деп бағаланған) қатысушылары Рубиконнан өтті, Nordea Bank Abp сәрсенбі күні (жаңалық 7 тамыз күні жарияланды – авт.) пайызсыз мөлшерлемемен 20 жылға ипотека ұсынуды бастайтынын мәлімдеді. Ал аптаның басында Jyske Bank A/S 10 жылға жылдық мөлшерлемесі -0,5% болатын ипотеканы беруді бастайтынын мәлімдеді. Даттықтар енді 0,5 %-бен 30 жылға ипотека ала алады, ал Nordea жақында өз «ұсынысын» 30 жылға теріс пайыздық мөлшерлемемен берілетін ипотекамен толықтырды…»

Bloomberg

Үкім: Шындық

Дегенмен, бұл ешқандай да жомарттық емес, мәжбүрліктен болған әрекет.

Juske Bank сайтынан тұрғынүй құрылысы бойынша экономист Миккель Хегтің төмендегідей хабарламасын оқуға болады:

«Иә, сіз дұрыс оқыдыңыз. Енді сіз номиналды пайыздық мөлшерлемесі теріс, өтеу мерзімі 10 жылға дейін белгіленген мөлшерлемесі бар ипотекалық несие ала аласыз… Бұл ойға қонымсыз дүние. Бірақ дәл сізге, қазіргі жайтқа сәйкес келетін мысалдары бар жаңа заманауи оқулық (банк ісі мен ипотекалық несиелеу туралы секілді – Авт.) жазып шығу қажет шығар».

Миккель Хег, тұрғынүй құрылысы бойынша экономист

Сонымен қатар, мәтінде айтылғандай, бәрібір қарыз алушы банк жинағын төлеуі керек.

Скандинавиялық Nordea банкі мен оның даттық бөлімшесіне келер болсақ, бізге 20 жылға 0% -бен ипотека беретінін растаған пресс-консультант Кристин Данисоның жауабын негізге аламыз, бірақ ол ипотекалық облигация тек даттық қарыз алушыларға берілетінін және Данияда үй иелерінің мойнында ипотекалық несие бойынша екі шығынға қатысты бап бар екенін айтты:

1) пайыздар және 2) ипотекалық компанияға әкімшілік жиын. Яғни, несиенің пайызы 0 болса, сатып алушы қосымша ештеңені төлемейді деген сөз емес. LTV 80%-дық 20 жылдық ипотекалық несиенің  қарапайым әкімшілік жиыны – 0,675%. Егер LTV төмен болса, әкімшілік жиын да аз болады.

Кристин Данисо, пресс-консультант
Шындық | Данияда тұрғындарға теріс пайыздық мөлшерлемемен ипотека беріле бастады
Nordea-ның ресми жауабы
  • Ескерту 1: LTV (loan-to-value) несиенің актив бағасына қатынасын көрсетеді. Мәселен, LTV 80% болғанда, алғашқы салым тұрғынүй бағасының 20%-на тең болады, оған қоса қарыз алушы үйдің толық бағасымен бірдей сомманы қарызға алуы керек.
  • Ескерту 2: батыс елдерінің, оның ішінде Данияның да ипотека нарығы қазақстандыкінен бөлек. Ипотекалық несие ұсынатын банктер ипотека алғанда кепіл болатын ұзақмерзімді бағалы қағаздар, жылжымайтын мүліктерді қамтитын ипотекалық қабығы бар облигацияларды шығарады.

Контекст: Бұның артында не тұр?

Bloomberg ресурсы Nordea-ның ішкі қаржы бөлімінің бас сарапшысы Лиза Нитофт Бергманның пікірін жариялады. Ол бұл шешім (мөлшерлемені минусқа дейін төмендету – авт.) тұрғынүй бағасының өсуіне әкеледі деп есептейді.

Бергманның сөзінше, «ақшаны 30 жылға қарызға беріп, өтеуін тек 0,5%-бен алатын (+0,5 пайызбен 30 жылға берілетін ипотеканың ұсынысына қатысты) инвесторлардың бары өкінішті… бұл олардың қазіргі қаржы нарығындағы жағдайдан қаншалықты қорыққанын көрсетеді, және олардың ойынша, жағдай жақсарғанша біраз уақыт өтеді».

Оқуға кеңес береміз:

Фактчек | Швецияда қоқыс таусылып қалды

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz