Шындық | Антарктида көгалдана бастады

21 мамыр күні «24kz» сайтында «Күннің ыстығынан Антрактиданың көгалдана бастағаны» туралы ақпарат пайда болды. Аталған мәлімет бірнеше медиада жарық көріп, әлеуметтік желіде тарай бастады. Антарктида шынымен көгалдана бастады ма, жоқ па, бірге жауап іздейік.

Мәлімдеме: Антрактида көгалдана бастады

БАҚ

Үкім: Шындық

Кембридж университетінің ғалымдары Антарктидадағы микроскопиялық жасыл балдырлардың пайда болуын жаһандық жылынудың әсерінен деп түсіндіреді. Балдырлар гүлденуі бірінші рет 1950-1960 жылдары байқалған. Қазіргі уақытта «жасыл қардың» көгалдану аумағы кеңіп жатыр.

BBC, CNN, The Guardian, Nature Communacations журналы және University of Cambridge мәліметіне сүйене отырып, төмендегі деректерді ұсынамыз:

Антарктиданың көгалдану хронологиясы

2012 жылы – ғалымдар NASA-ның Terra спутнигі арқылы Шығыс Антарктиданың Астрид Ханшайымы жағалауынан жасыл түсті су иірімдерін байқады.

Шындық | Антарктида көгалдана бастады
Шығыс Антарктиданың Астрид Ханшайымы жағалауы

2013 жылы – зерттеуші ғалымдар Антарктиданың оңтүстік түбегінде жаһандық жылынудың салдарынан кейінгі 50 жылда экологиялық өзгерістің болғанын байқаған. Ғалымдар бүгінде түбектің барлық жеріндегі өзгерісті растайды.

2015 және 2017 жылы – жасыл түсті гүлдену Фитопланктон Гранит Харборының оңтүстігіндегі Терра-Нова шығанағында пайда болады.

2017 жыл 5 наурыз – NASA Landsat 8-де орнатылған камера Росс теңізі маңындағы Антарктикалық гранит айлағын суретке түсірді. Мұздың кейбір бөліктерінде ерекше түс бар. Аустралиялық гляциолог Ян Лизер жасыл түсті судың бетінде фитопланктонның болуымен түсіндіреді.

2017-2019 жылдар аралығында зерттеушілер Еуропалық ғарыш агенттігінің Sentinel 2 спутнигінің суреттерін қолданды және оны Антарктидада Райдер шығанағындағы, Аделаида аралы және Файлдс түбегіндегі, Кинг Джордж аралындағы жерлердегі өлшеулермен біріктірді. Нәтижесінде «жасыл қар» әсіресе Антарктида түбегінің батыс жағалауындағы аралдарда кездеседі.

2020 жыл – зерттеулер нәтижесі климаттың өзгеріп, ауа температурасының жылынуына байланысты микробалдырлар көбейіп жатқанын және «жасыл қар» балдырларының 1679 жеке гүлі анықталғанын көрсеткен.

Мамандар не дейді?

«Антарктида жылынған сайын, қар балдырларының жалпы массасы артады, өйткені оның таралуы балдырлардың кішкене арал секілді дақтар шығынынан да асып кетеді деп болжап отырмыз», – деді доктор Эндрю Грей, Кембридж университеті және NERC далалық спектроскопия орталығы, Эдинбург университетінің мақалалары жетекші авторы мен зерттеушісі.

«Бұл Антарктидадағы тіршіліктің және климат жылынған кезде оның қалай өзгеретінін түсіндіретін айтарлықтай прогресс. Қар балдырлары – континенттің фотосинтез арқылы атмосферадан көмірқышқыл газын алатын құрамдас бөлік»,деді Кембридж университетінің Өсімдіктер туралы ғылым бөлімінің докторы Мэтт Дэйви.

«Балдырлардың көптеген түрі болуы мүмкін, олар – әртүрлі. Кейбіреулері қар бетінде өмір сүреді, ал басқалары – тереңде, және олардың саны температураға байланысты өзгереді», – деді профессор, Кембридж биологы Элисон Смит.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz