Шындық | Америкалықтар Қытайды сотқа берді

Әлемде коронавирустың таралуына қарай синофобия мен оған негізделген фейктердің ауқымы кеңейіп жатыр. Бұған дейін FactCheck.kz Қытай жаңа вирустан 20 млрд доллар тапты, Қазақстанда коронавирустың тарап кетуінен қауіптенгендер қытай мейрамханаларын өртеді, бұған дейін белгісіз болған індет Ухань қаласындағы биологиялық қару жасаумен байланысты деген хабарламаларды жоққа шығарды. Енді БАҚ-та америкалықтар сотқа жүгініп, Қытайдың кінәсінен тараған пандемияға кеткен шығындарын өтеп алғысы келеді деген жаңалық тарап жатыр:

…Қытай Халық Республикасына қарсы ұжымдық арыз берілді. Оның авторлары – 4 жеке тұлға, яғни Флорида штатының резиденттері және баскетбол орталығын басқаратын заңды тұлға. Арыз берушілер Қытайды жаһандық пандемияны тудырып, оның таралып кетпеуі үшін қажетті шараларды жасамады деп айыптап отыр. Сонымен қатар, Қытайға вирустың АҚШ-қа енуіне тікелей себепкер болды деген айып тағылған.

Үкім: Шындық

12 наурыз күні АҚШ азаматтары расымен Қытай үкіметін сотқа беріп, (арыз мәтіні сілтемеде) коронавирус пандемиясы салдарынан кеткен шығынды өтеуді талап етті. Арызданушылардың пікірінше, Қытай мемлекеттік органдары жаңа инфекцияның қаншалықты қауіпті екенін біле тұра, «баяу әрекет етіп, жеке экономикалық қызығушылықтарын алға тартты». Соған қоса,  жауапқа тартылғандардың әрекеті есептеуге келмейтін шығын әкелді және ол әлі де өсіп жатыр.

Арыз берушілердің мәлімдемесі бойынша, Қытай үкіметі жаңа коронавирустың қауіптілігін әдейі кемітіп көрсетіп, әлемдегі әріптестеріне геномның мағынасын ашқан нәтиже мен вирустың адамнан адамға берілетінін хабарламай, созып жүріп алған. Арызданушылар Си Цзиньпинді инфекцияның таралуын тоқтатуды тек 22 қаңтар күні тапсырды, ал 18 қаңтарда вирустың адам үшін қауіпті екеніне қарамастан Ухань билігі 40 мың отбасыға арналған ас ұйымдастырды деп айыптап отыр.

Бұдан бөлек, арызда COVID-19 лабораториясы вирус пайда болған сауда орнына  жақын орналасқан Ухань вирусология институтының өнімі екені туралы танымал фейк бар. Құжатты құрастырушылар көпшілікке «балама теория» ретінде екі нұсқаны ұсынып отыр: не коронавирус бақылауы нашар лабораториядан «қашып кетті» немесе қытайлық ғалымдар жануарларды өртеудің орнына жақын маңдағы сауда орнына сатқан.

17 наурызда АҚШ-тық тағы бір арызданушы Қытай үкіметінен 20 трлн доллар өндіру өтінішімен сотқа жүгінді. Арыз авторы, консервативті заңгер Ларри Клэйманның пікірінше, Қытай COVID-19-ды жаппай зақым келтіретін өте тиімді әрі апатты биологиялық қару ретінде жасады. Оның айтуынша, қолдан жасалғанына бірнеше факт келтіруге болады, мысалы вирустың ауа мен беткі қабатта тіршілік етуінің жоғарылығы. БАҚ-тағы материалдарға сілтеме берілген арызда Клэйман «Қытай билігі инфекцияның таралуы мен Ухань лабораториясындағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін қасақана байланыстырып, өз кінәсін мойындады» деп жазған.

Бір қызығы, Қытайда да АҚШ-қа қарсы екі арыз түскен. Ухань мен пекиндік адвокаттар Америка үкіметін 2019 жылдың қыркүйек айы мен 2020 жылдың наурызы аралығында медицина қызметкерлері вирустың жаңа түрімен күресіп жатқанда, тұмау туралы қасақана жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр. Арыз авторлары инфекцияны Уханға өткен жылдың қазан айында Дүниежүзілік әскери ойындарға қатысқан америкалық әскерилер әкелді деп мәлім етті. Сонымен қатар, арызданушылар президент Дональд Трамп вирусты «қытайлық» деп атап елдің беделіне нұқсан келтірді деп есептейді.

Осылайша, коронавирустың синтетикалық сипаты туралы бірнеше рет жоққа шығарылған пікірді АҚШ пен Қытай да тиімді пайдалануға тырысып жатыр. Және бұл жолы фейк тарату мақсатында ғана емес, сот талабына негіз ретінде де пайдалануда.

Екі ел соты бұл конспирологиялық пікірді қаншалықты дұрыс деп табатынын уақыт көрсетеді. Маңыздысы, қазіргі күні жоғарыда сипатталған сот арыздары саяси мобилизация құралы болып тұр. АҚШ-тағы оңшыл топ жақтастары Қытайға агрессиямен қарау үшін америкалық азаматтардың талаптарын алға тартып отыр. АЛ ҚХР-дағы режімге адал қорғаушылардың арызы тұрғындардың коммунистік партияға деген сенімін арттырады.

АҚШ пен Қытайдағы сот немен аяқталуы мүмкін?

Пікірімізше, жоғарыда аталған арыздардың ешқайсысы сот процесіне енбейді. Ухань соты Америка үкіметіне қарсы істі қарау үшін ҚХР Жоғарғы халықтық сотының рұқсаты болуы керек. Қытай бірнеше жыл бойы тәуелсіз иммунитет үлгісін көрсетіп келе жатыр, оған сәйкес, тәуелсіз мемлекеттер республика маңындағы арыздардан қорғалған.

Сонымен қатар тәуелсіз иммунитет туралы доктрина Қытай үкіметін АҚШ сот юрисдикциясынан қорғайды, дегенмен Америкаға қатысты жайтта жағдай басқаша дамуы мүмкін.

Йель  университетінің құқық профессоры Стивен Л.Картер Bloomberg-тегі бағанында былай деп түсіндіреді: коронавирус пандемиясына байланысты жағдайда сот істі коммерциялық тұрғыдан қарайтын болса – Қытай үкіметін жауапкершілікке тартуы мүмкін. Тәуелсіз иммунитет принципіне жүгініп заңды әрекет етуге 1976 жылғы арнайы заң мүмкіндік береді. Ал, сот оны назарға ала ма – белгісіз, мұндай шешім саяси жағдайға байланысты, – деп атап өтті профессор.

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz