Шындық | АҚШ-та афроамерикалық азамат нацистік қозғалыстың басшысы болды

2019 жылдың наурызында ірі орыстілді БАҚ өкілдері қаңтар айында АҚШ-та Ұлттық-социалистік қозғалыстың (National Socialist Movement) басшысы атанып, өз қызметін ұйымды тарату мақсатында пайдалануға тырысқан афроамерикалық белсенді Джеймс Харт Стерн (JamesHartStern) туралы жазды. Бірақ ресейлік медиа Стерн қозғалыс көшбасшысына қалай айналғанын және басшылықтың ауысу себебін түсіндірмеді.

Үкім: Шындық

Қанша мүмкін еместей көрінсе де, ақпарат рас.

Мәселенің басын ашып алайық

NSM ресми сайтында 1994 жылдан бері – жиырма жылдан астам уақыт бойы ұйымның көшбасшысы болған Джефф Шоуптың (Jeff Schoep) екі баспасөз релизін таба аласыз.

Оның бірінде Шоуп Джеймс Харт Стерн 2017 жылдың 11-12 тамызында Вирджиния штатындағы Шарлоттсвиллдегі Unite The Right митингінде қанды қақтығысқа байланысты болған сот процесінде NSM-ді қорғауға арналған қозғалыстың президенті етіп тағайындауға көндіргенін баяндайды.

Шындық | АҚШ-та афроамерикалық азамат нацистік қозғалыстың басшысы болды

Неонацистік топтың көшбасшысы қара нәсілді белсендіге қалай сенді?

Ұйымның сайтыннан кеңейтілген іздеу арқылы NSM көшбасшылары мен афроамерикандық құқық қорғаушылар (Black Civil Rights Leaders) арасындағы тарихи кездесу сипатталған 2014 жылғы журналды іздеп таптық. Калифорниядағы “Нәсіл теңдігі туралы әңгіме” (Conversation on a racial equality) атты конференцияда екі тараптың өкілдері өзара қауіптерді талқылап, зорлық-зомбылықсыз, бірлескен жұмыс істеу тәсілдерін қарастырды. Пікірталас модераторы Джеймс Харт Стерн болған. Мәтінде оны “ұлтшылдар пікірімен келіспейтінін жасырмағанымен оларға құрметпен қарайтын өте сыпайы және әдепті баяндамашы” деп сипаттайды.

Шындық | АҚШ-та афроамерикалық азамат нацистік қозғалыстың басшысы болды
2014 жылғы журналдағы суреттен Стернмен қатар тұрған Шоупты көруге болады.

Стерннің The Washington Post-қа берген сұхбатынан олардың 2014 жылдан бастап араласа бастағанын білеміз, бірақ олар қарым-қатынастарының ерекшелігін әр түрлі сипаттайды. Джеффтің айтуынша, ол нәсілдік қарым-қатынас тақырыбына арналған тағы бір конференцияны ұйымдастыру жөніндегі жоспарды талқылаған. Джеймс олар бір-бірімен холокост, нацистер, свастиктер, ақ ұлтшыл идеалдардың қателіктері және ұлтшыл-социалистік қозғалыстың одан әргі тағдыры тақырыбында үнемі пікір таластырғанын баяндайды.

Неге Шоуп қозғалысты бақылауды тапсырды?

2019 жылдың басында Джефф Шоуп Джеймс Стейнмен NSM-ге қарсы сот процесіне қатысты заң консультациясы бойынша байланысқан. Стерннің айтуынша, Шоуп беймаза көрінген. Оны Alt-right қозғалысындағы бәсекелестерінің танымалдағы артуы мен ұйым ішіндегі проблемалар, сот процесінің құны алаңдатқан. Ұйым мүшелерінің қылмыстары үшін жауап беруіме тура келеді деп қорыққан ол көшбасшы қызметінен кетуге дайын болған.

Шындық | АҚШ-та афроамерикалық азамат нацистік қозғалыстың басшысы болды
Джефф Шоуп

TPM-ге берген сұхбатында Стерн “нацистік ұйым басшылығына афроамерикалық құқық қорғаушыны тағайындау ұйымның сотқа тартылуына нүкте қоюға септеседі деп Шоупты көндіргенін” айтады. Ол Шоупқа NSM көшбасшылығынан бас тартуға және жаңа өмір бастауды ұсынған.

Шоуп Мичиган штатының Лицензиялау департаментімен құжаттарға қол қойып, Стернді ұйым басшысы ретінде таныстырды. Шоу сондай-ақ осы жұмыста өзінің және NSM-нің мүддесін қорғаған, ұлтшылдарға байланысы бар бұрынғы қорғаушы Джим Коленичті (Jim Kolenich) жұмыстан шығарды. Ақпан айының ортасында афроамерикалық белсенді NSM өкілі ретінде сот құжаттарында көрсетілген.

Шындық | АҚШ-та афроамерикалық азамат нацистік қозғалыстың басшысы болды

Өкілеттіктер тапсырылғаннан кейін, Стерн америкалық баспасөзде ұйымға кіріп, ұлтшылдардың талаптары сотта қорғалмауы үшін ұйымның бұрынғы лидерін алдап соққанын мәлімдеді. Оның мақсаты — қозғалыс қызметін тоқтату, неонацистер сайтында  Холокост туралы тарихи сабақтар орналастыру. Ең алдымен ол Вирджиния штатының сотына ұйымға қарсы жедел түрде шешім шығаруды сұрады.

Осы сәттен бастап іс одан әрі шу туғызды. Шоу мен Стерн баспасөзде біріне-бірі “шабуылдай” бастады. Стерн бұрынғы NSM көшбасшысына “амал асырғанын”, ал Шоуп алданғанын мәлімдеді.

“Ол менің қозғалыстан кететінімді білді, — деді Шоуп өз “отставкасы” жайында. — Көмектесуге тырысудың орнына алдап-арбады. Мұнан соң мен кеткен ұйымды жою үшін сот ісінде манипуляциялауға тырысты”.

Шындық | АҚШ-та афроамерикалық азамат нацистік қозғалыстың басшысы болды

Америкалық SPLC (Southern Poverty Law Center) құқық қорғау ұйымының сарапшысы КиганХэнкс “NSM-дегі көшбасшылықты беру — бес жыл бұрын бақылай бастағалы көрген ең ақылға қонбайтын шешімдердің бірі” деп мәлімдеді.

Неонацистік қозғалыстың экс-басшысы не істеді?

1 наурызда Джефф Шоу өзінің баспасөз мәлімдемесінде Стерннің алданғанын, сотта өз құқықтарын қорғайтынын хабарлады. Ұйымның басшысы лауазымын ол басқа неонацист — Берт Колуччиге (Burt Colucci) тапсырды. 6 наурыздағы келесі баспасөз хабарламасында  Шоуп Стерннің іс-әрекетін алаяқтық және қылмыс болуы мүмкін деп атады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Джеймс Стерннің ұлттық-социалистік қозғалыста құқықтық бақылау құзыры не құқықтық мәртебесі жоқ. Өтініш мәтіні Мичиган мемлекеттік лицензиялау және реттеу департаментінің сайтына сілтеме арқылы бекітілген. Тізімде ұйымның лауазымды тұлғалары көрсетілген және Джеймс Стерннің есімі бұл тізімде жоқ.

Шындық | АҚШ-та афроамерикалық азамат нацистік қозғалыстың басшысы болды

Мичигандық корпоративтік есептерге қарағанда, Стерннің қаңтар айында Джефф Шоуптың көшбасшы орнын ауыстырған. Бірақ қандай да бір себептермен, Шоуп наурызда қол қойған корпоративтік жазбалар оның орнына нацистік топтың басқа басшысын тағайындайды.

Шындық | АҚШ-та афроамерикалық азамат нацистік қозғалыстың басшысы болды

Сонымен қатар, Шоу баспасөзде Стерн бірқатар оғаш және негісіз сот талап-арыздарының авторы екенін айтты. Jackson Free Press баспасы “Шаштараз” фильмін сынағаны үшін 61 миллион доллар талап етіп, Стерннің Revs компаниясының үстінен арызданғанын жазды. Сондай-ақ ол Калифорния штатының түзеу мекемелері басқармасын шаш қиюға стерилденген құралдарды қолданудан бас тартқаны үшін сотқа берді; Миссисипи округінің қызметшісін өзімнің үстінен қозғалған қылмыстық істе жалған куәлік етті деп сотқа берді.

Қазір не болып жатыр?

Шындық | АҚШ-та афроамерикалық азамат нацистік қозғалыстың басшысы болды

Өзінің Twitter аккаунтында Стерн  неонацистік топты жою жоспары барын және өзіне келтірген залалы үшін 500,000 доллар өтеп беру талабымен   NSM басшылығының үстінен сотқа арызданғанын жазған.

5 сәуір күні дүниежүзілік сот Джоел Хоппе (Joel Hoppe) Стерн қорғаушы емес және оны жалдау туралы сот бұйрығын орындамады деп, Джеймс Харт Стерннің сотта ұлттық-социалистік қозғалыстың мүддесін қорғай алмайды деп қаулы етті. Енді Стерн өткен айда жазған арызынан басқа қозғалысты жабудың өзге жолдарын іздестіріп жатыр.

Factcheck.kz